Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, саясаттанушы:
– Шынында да, жаз мезгілінде балалардың еңбегін заңсыз пайдалану жиілеп кетеді. Жасөспірімдер базарларда, кафелер мен барларда, автокөлік тұрақтары мен көлік жуу орындарында жұмыс істейді. Оларға азма-аз ақша беріп, ауыр жұмыстар жасатады. Оның үстіне, нақты еңбек келісімшартына отырмағаннан кейін, балалар ауырып қалса немесе еңбек жарақатын алған жағдайда олардың әлеуметтік жағынан қорғалуы екіталай. Бала еңбегін заңсыз пайдалануды алдын-алу жұмыстары бізде өте мардымсыз жүргізіледі. Сондықтан олардың еңбегін заңсыз пайдалануға қатысты заңдық норманы қатайтуымыз керек. Ата-ананың, жұмыс берушілердің балаға деген жауапкершілігі жөнінде мәселе қоюымыз қажет. Жасөспірімнің еңбегі заңсыз пайдаланылып отыр ма, онда бәріне ақшалай айыппұл салып, тіпті тағы да келеңсіз жағдай қайталанар болса, қылмыстық жазаға тартуды қарастыруымыз керек. Сонда ғана бала еңбегі заңсыз пайдаланылмайтын болады.
Ғалия ЖҮСІПОВА, ОҚО балалар құқын қорғау департаментінің директоры:
– Базарларда, көлік жуу орындарында т.б. мекемелерде бала еңбегі заңсыз пайдаланылса, онда біз еңбек инспекциясына хат жазып, оларға айыппұл салу мәселесін қарастырамыз. Негізі, балалар базарларда ата-анасына көмектесу үшін жүреді. Бұл ретте ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Заң бойынша бала қанша жастан бастап жұмыс істеуі керек, неше келіден артық жүк көтеруіне болмайды, осының барлығын айтамыз. Өкінішке орай, ата-аналар көп жағдайда мұны түсіне бермейді. Олар тек бір күндік табысын ғана ойлап отыр. Ауыр жүк көтеру, ыстық күннің астында көп жүру балаға қаншалықты зиян екендігін, оның физиологиялық дамуына кері әсер ететінін кейбір ата-аналар ұғынғысы келмейді. Сондықтан бұл ретте ата-аналардың бала денсаулығына жауапкершілікпен қарауын ұдайы насихаттап отыруымыз қажет.
Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Бала еңбегін заңсыз пайдалану, мәжбүрлеп ауыр жұмыс істету – өте ауыр күнә. Елдің келешегі балалардың қолында болғаннан кейін, олардың білімді, дені сау болуына барлық мекеме жауапты. Мұны тек Балалар құқын қорғау департаменттеріне артып қоя салуға болмайды, бұған ата-ана, құқық қорғау органдары, білім мекемелері, жергілікті әкімдік, тіпті базарларда бала еңбегі заңсыз пайдаланылса, онда базар әкімшілігі де жауапты болуы тиіс. Негізі, балалар құқығын қорғау бойынша кешенді іс-шаралар қажет, бүкіл мемлекеттік органдар жеке-жеке әрекет етпей, бірігіп, «бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарса» ғана іс нәтиже береді. Баланың болашағына немқұрайды қарауға болмайды. Мейлі, ол қандай отбасынан шықса да. Балаларды спорттық ойындар, қызықты клубтар, мәдени шараларға тарту қажет. Олар өздерінің қоғамға қажеттігін сезінуі тиіс.
Балалар еңбегін заңсыз пайдалануға қалай бақылау жасауға болады?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора