Жанұзақ ӘКІМ, Еуропа Ғылым академиясының мүшесі:
– Модернизация қоғамның барлық саласын бірдей қамтығаны дұрыс. Соның ішінде бірінші кезекте әлеуметтік сала қамтылуы қажет. Меніңше, әлеуметтік модернизация дегенді күрделендірмей, қарапайымнан бастау керек. Жас отбасылардың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз ету – кезек күттірмес мәселе. Екінші проблема – жұмыссыздық деңгейін төмендету. Үшіншіден, шағын қалалардың жағдайы ескерілмей жатыр. Кезінде жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары бойынша жұмыс істеген шағын қалалардың әлеуеті қазір төмен. Не қала емес, не ауыл емес, екі ортада қалып отыр. Мұндай жағдайда шағын қалалардың халқы үлкен қалаларға ағылып, онсыз да тұрғын үй проблемасы шешілмеген шаһарлардағы әлеуметтік жағдайды шиеленістіріп жібереді. Сондай-ақ елде орта таптың қалыптасуына жағдай жасалуы керек. Себебі салықты уақытында төлеп, мемлекеттің өркендеуіне үлес қосатын – осы орта тап. Сондықтан әлеуметтік модернизацияны төменнен бастап, нақты іс-әрекеттер жүзеге асырылуы керек деп есептеймін.
Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саясаттанушы:
– 2007 жылдан бері саяси модернизацияны жүзеге асыруды бастадық. Соның негізінде екі бірдей Парламент сайлауы өткізілді. Соңғысында Парламентке үш партияның өкілі өтіп отыр. Яғни белгілі бір нәтижеге қол жеткізгеннен кейін әлеуметтік салада да модернизация жасаудың кезегі келген сияқты. Модернизация тікелей аударғанда «жаңару» деген сөзді білдірсе де, әлеуметтік модернизацияны осы саланы түбегейлі жаңарту емес, әлеуметтік мәселелерге тереңірек көңіл бөлу деп түсінемін. Халықтың әл-ауқатын көтеріп, білім беру мен денсаулық сақтау саласын өркениетті елдердегі деңгейге жеткізу әлеуметтік модернизацияның негізгі міндеттері болуы керек деп есептеймін.
Серік БЕЙСЕМБАЕВ, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының әлеуметтанушысы:
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік модернизацияны жүзеге асыру мәселесі айтылды. Демек, жүзеге асырылады. Өткен 20 жылдағы сапасыз модернизацияның нәтижелерін ескере отырып, алдағы жоспар нақты істермен халықтың көзіне көрінуі тиіс. Мысалы, халықты таза ауызсумен қамту, табиғи газға қолжетімділігін арттыру, алыс елді мекендерді коммуникациямен қамтамасыз ету проблемалары тұр. Меніңше, әлеуметтік модернизация осы бағытта жүзеге асуы керек.
Әлеуметтік модернизация қалай жүзеге асуы керек?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора