Алаш прозасы
Айнұр ШАМШЕЙТОВА: Сағыныш пен өкініш
Гүлсана қалың ойдың етегінде елге де жетті. Пойыз ауылға таяу жерден тоқтаушы еді, асыға-үсіге түсіп қалды. Соңғы вагондардың бірінен тағы бір жігіт түсті. Ауылға дейін жеті- сегіз шақырым жер жүрулері керек.
Жабал ШОЙЫНБЕТ: Тілек
«Жүзінің нұры да кеткен жоқ, қиналғанда жоқ, Алла тілегін берген жақсы адам еді» дегенді құлағым шалды, анамның мың жақсылығының бір жақсылығын қайтара алдым ба деген бір үміт, бір күдікпен «ой, бауырымдаған» құшаққа ене бердім...
Нұрлан ҚАБДАЙ: Қызыл бадабоз
Үстіндегі қызыл пәлтесінен таныдым. Қызыл пәлте қырық жылдан бері қырық иықтан түсіп, қырық иіс ауыстырғанын айтып мұң шағатындай. Әжесінен қалды ма, әпкесінен қалды ма кім білсін, әйтеуір біз ес білгелі бар киім.
Мұхтар ӘУЕЗОВ: Қаралы сұлу
Сол күш Қарагөзді көп заман қинап жүрді... Әлі күнге шейін мезгіл-мезгіл асау сезім құтыртып келіп, бір тоңдырып, бір қыздырып, ысытып, Қаралы Қарагөзді отқа салатын.
Асхат Өмірбаев: Галстук
«Алқызыл галстук, мойныма тағамын, көзіме ол ыстық, белгісі ол ағаның...» деп іштей қайталады. Жас кезінде жаттаған тақпағын қалай ұмытпаған.
Сайын Мұратбеков: "Басында Үшқараның..."
Əсет поездан таң алдында кеп түскен. Шағын станцияда мұнан өзге сыртқа шыққан адам болған жоқ. Шала ұйқыдан өңдері бозарған проводниктер сыртқа самарқау қарап, вагон есіктерінде тұрды.
Ғалымбек ЕЛУБАЙҰЛЫ: Өмірдің үшінші маусымы
Ширек ғасырлық бейбіт өмірдің мылтықсыз майданынан қалжырап келе жатты жалғыз Адам. Бәзбір шығармалардағыдай самайын қырау шалып, жүзін өрмекші торындай әжім торламай-ақ, жүрегі қартайып, жанары лайланған жат жұрттық...
Төлен Әбдік: Оң қол
Біздің психиатриялық аурухана қаланың батыс жағында, ернеуіне тас қалаған шағын өзеннің жиегінде болатын. Аурухана ескі еді.
Тобық ЖАРМАҒАМБЕТОВ: ОТАМАЛЫ
Бұл аңыз көктемде қар еріп, жер жалаңаштанғаннан кейін кенеттен ызғырықтың қайта соғып, боран қақап кеткенінде еріксіз еске түседі.
Қуат ҚИЫҚБАЙ: Қалада жүрген қар қызы
.. Түс әлеті болатын. Әппақ қар жауып тұрды.
Қыз мезгілі. Желігіңді басар желтоқсанның суығы. Шарбы бұлттар арасынан күн көрінбейді.
Дәурен ҚУАТ: Жалбызым менің – жалғызым
«Қаусаған шағында ардакүрең асауға мінгені не қылғаны...» Құсайынов кабинетінің құлпын бұрап ашып тұрып, екі тәулік бойы тілсіз жатқан науқас жайлы ойланған болды.
Алмас НҮСІП: Түтінің өшпесін
Кештің батқанын асыға күтетін. Қаншама жылдан бері солай. Төсінен жұпар аңқыған от құшақ арудың уәделі қойнына бозбала осылай асығатын.
Еркінбек СЕРІКБАЙ: Раушан гүлдің иісі
Биыл жоғарғы оқу орнын аяқтап, қолына диплом алғанымен, мамандығына сай жұмыс табылмағандықтан Айнаш замана шақтарының қисынсыз желінің қиыншылықтарына мойынсұнбай, жастық жігерін жасытпады.
Серік САҒЫНТАЙ: Көктемнің мөп-мөлдір тамшысы
Кеш бата алау жаққан. Тоғайдан тал бұтап әкеп, қауқитып үйіп қойысты. «Бүгін 1940-жылдардағыдай өмір сүреміз» дескен достары.
Жандос БАЙДІЛДА: ПОШТАБАЙ
Оның азан шақырып қойған есімі Пернебай еді. Қалада жоғары білім алып, лайықты қызмет таппаған соң, елге оралды.
Аягүл МАНТАЙ: Жалғыздық биі
– Үйден жалғыздықтың иісі шыға ма екен?
– Гүлдің және француз әтірінің иісі шығады.
Оралхан БӨКЕЙ: Апамның астауы
Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін
Алмаз МЫРЗАХМЕТ: Теміржол қиылысында
Мұрын астынан ешкімге белгісіз әнді ыңылдап айтып, пәтірінің ескі алдындағы мектеп ауласына қараған терезесін айқара ашып тастағаны
Дидар АМАНТАЙ: КӨЗІҢНЕН АЙНАЛДЫМ
Топ – топ. Қаз-қаз басқан екі аяқ – тас жолмен ілгері жүріп бара жатып – қалт тоқтады. Әдетте шалқасынан ашық үлкен жарма қақпа бүгін тиегінен байланып жабық тұр.
Қанат ӘБІЛҚАЙЫР: ДЫБЫС
– Кім сөйлесе, сол Дыбыстың баласы болады...
– Сен сөйлеп тұрсың ғой.
– Жоқ, тоқтай тұр, менікі есеп емес. Кім бірінші тіл қатса сол Дыбыс пен Зинаның баласы болсын. Жарай ма?