Алаш прозасы
Қуандық Шамахайұлы: Сынақтан сүрінген адам (әңгіме)
Темірбек әйелімен бірге қаланың орталық базарында жүрген. Ығы-жығы халық. Адамның көптігінен аяқ алып жүре алмайсың. Әйелі Гүлбаршын адасып қалмайын дегендей-ақ күйеуін тас қып қолтықтап алып, алға қарай тартып келе жатқан еді. Кенет өте бір таныс үн құла
Сәдібек Түгел: Асыл жиреннің киесі (әңгіме)
Аузымен құс тістеп, алдына қара салмайтын тұлпарларды бірден танып-білу, оны мәпелеп күтіп, бабына келтіріп жарату ерекше қасиет болып табылады. Бәйгеге қосылатынжүйрікке, селқос, тек қана пайда әкелетін жануар ретінде қарауға болмайды.
Серік Нұғыман: Ақын (әңгіме)
Оқыс соғып өтетін бір соқпа күй бар. Уақыт таңдамайды. Орай күтпейді. Кез келген сәтте тап береді де, есін аударып, есеңгіретіп кете береді... Жүзін анық көрсетпесе де, сонадайдан қылымси қарап, әлдебір сиқырымен жадылап алған хас сұлу еркінен айырып, жіп
Әбіш Кекілбаев: Автомобиль
Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды.
Тұрсын Жұртбай: Бір уыс жусан (элегия)
Қарындасым дүниеден қайтқалы өң мен түстiң арасында жүргендей күй кешудемiн. Менiң еркiмнен тыс бiр күш әр iзiмдi аңдып, ту сыртымнан қадағалап тұрғандай сезiнемiн.
Қабырғада iлулi тұрған сурет түнде елес болып төсегiмнiң қасына келедi, күндiз көшенiң қар
Мұхтар Мағауин. Менің түрлі түстерім (әңгіме)
Кейiнгi кезде бей-берекет, сұрықсыз түстер көрем. Сұрықсыз ғана емес, мән-мағнасыз, күлгін, күңгірт. Әлдебір бекетке, мекенге жете алмай жатам. Пойыздан, белгілі-белгісіз тағы бір көліктерден кешігем. Жылғалы сайдың, көшенің, жолдың көз көріп тұрған арғы
Тынымбай Нұрмағанбетов: Әулеттің иесі (әңгіме)
Соғыс басылар алдында бір қолынан айрылып, елге ерте оралған Жортақ деген көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққан Шоқаның жалғыз қызы Қыздаркүлдің құда шақыруы бір жарым жылдан кейін болса да, Құбығұл әулеті хабарды емен-жарқын қабылдасып, еңселері көтеріл
Мирас Мұқаш: БАҚҰЛ БОЛ, АТА! (әңгіме)
Үлкен ауланың алдында орналастырылған К-700 тракторының ескі орындығына кішкентай екі жиенін отырғызып алып тербетіп ойнатып жатқан Ахмет шалға көршілері таң қалады. Таң атқаннан кеш батқанға дейін үлкен қызының балаларын ойнатудан жалықпайтын Ахметтің өз
Таласбек Әсемқұлов: Бекторының қазынасы
Бала кезінде ең жақсы көріп тыңдайтын ертегісі «Ер Төстік» еді. Әжесі таңғажайып хикаяны айтып болып, – Міне, немелтайым, осындай да кеп болған екен, – дейтін күрсініп.
Түнде түсіне, Ерназарды құдықтың жанында ұстап алып азапқа салған Бекторы кіреді. Оянғ
Кәрім Мәсімов: ТАМЫР
Бұл кітап отбасынан бастау алатын туған жерге, елге деген сүйіспеншілік туралы. Көкейдегі сағыныш, ойға оралған естеліктерден құралған туынды мәуелі бәйтеректей тамыр жайған әке тұлғасына, оның тағылымға толы тағдырына арналады.
Төлен Әбдік: Тозақ оттары жымыңдайды
Ұзын бойлы, көзілдірікті кісі өзінің сабырлы, тәкаппар кейпі мен саркідір тартқан жас шамасына қарамай, жеңілтек асығыстықпен есікті лақтырып ашып, ішке кірді.
- Эдуард Бейкер мырзаның операциясы бітіп кетті ме? - деді басқа елдік акцентпен ентіге сөйлеп.
Жадыра Шамұратова: Бейуақта ашылған құпия (хикаят)
Дөңгелегін санап айналдырғандай, кежегесі кейін тартып, өзін өзі қыстағандай әрең жүріп келіп тоқтаған автобус ішіне иін тірескен жұртпен араласып кірген бойда қалтасынан ұялы телефонын алып уақытты қарап жатып, «кешегідей тағы кешігіп жүрмесем жарар еді»
Заман Төлеуов: Байғыз жылаған түн (әңгіме)
Үлкені де биттейі де қым-қуыт құжынаған, кейбірінің үсті-бастары жүн-жүн, әлдебер сұрықсыз мақұлықты елестетін, шын-шайтанға шатысы бар – жындыкөбелектер әпсәтте, онсыз да сатала-сатала шамдалды қоршап алды.
Жақсылық Сәмитұлы: Белгісіз мінез (әңгіме)
Ши-анда оқып жатырмын. Үлкен қала. Бір кезде, Президент Жяң Жиешының тұсында, уақыттық болса да, Қытай мемлекетінің астанасы болған әйгілі орда. Қанша керемет дегенмен, алғашқы кезде онша ұнай қоймап еді.
Тұрысбек Сәукетаев. Сүйек (әңгіме)
Ес біліп, етек жапқалы көзіне жас алып көрмеген діні қатты Әли қарттың бордай үгіліп, босап отырғаны бүгін. Әлгінде, түс әлетінде пошташы қыз әкеп қолына ұстатқан алақандай қағаздағы екі ауыз сөзден талай теперішті көріп, қайғыға да, қуанышқа да селт етпе
Мадина Омарованың әңгімелері
Ауыл кеші. Өрістен қайтқан мал тынышталып, адам аяғы саябырсыған кез. Әлдеқайдан жарғанаттар пайда болды.
Ертең кетемін. Тағы қала. Тас үйлер, тас көшелер, машина гүрілі, бірін-бірі танымайтын адамдар әлемі... Қала.
Топанбай Мейірхан: Құралай-ғұмыр!..
Кішкентай адам жанарының қауашағына сиып тұрған жер беті. Сол жер бетінен талай заман ауысқанмен, талай заңғар таулар шөккенмен, жаңарып, жаңғырып, өз қозғалысын бір сәтке де тоқтатпай айналып тұрған Жер Ананың төл перзенті бар. Ол – адам!
Заман Төлеуов: Үшайырық (әңгіме)
Бекет Атырау авиаотрядына ойда-жоқта тап болды. Еңбек кітапшаңда үш айдан артық жұмыссыздық бар болса, кіші-гірім бақытсыздық деп біл. Жатып ішер, қоғамның лас элементі деген сияқты атаққа қаласың. Ол аздай артыңа от алып түсуі де ғажап емес.
Айгүл Кемелбаева: Көкқия (әңгіме)
Жазғы күн тоқырауынан соң қырық күн шілде Арқадан ауды. Бұлаңдаған көк әлем бейтарап қалықтайды.
Түсіпхан желіден ерте туған көкқасқа құлындарды таңдап шешіп алды. Өзі ортасына тұрып қос құлынды екі жағына ұстады. Жылқы баласының иілген қаз мойындарына бі