Алаш прозасы
Тәкен Әлімқұлов: Көкпар (әңгіме)
Қауынды көп жейтін Тарбан қатты қызылсыраған. Бір күні шекесі шағып, ыстық іздегенде, есіне көк серкесі түсті. Көк егін ақырамаш болған соң соймақ бордақысы еді.
Жаңабек Шағатай: Қаладан келген қыз (әңгіме)
– Табақтың түбінде түк қалдырмай таусып қойыңдар, – деді сары гүлді қызғылт шаршысының шетінен күнсіген самай шашы селдіреп шыққан қара сұр келіншек бір қолымен босағаны серпе керген қалпы. Тотыққан жалпақ бетіне қызғылт арай жүгіріпті. – Әуелі тойып көж
Серік Сағынтай. Аң (әңгіме)
...Қара түннен қабарып туған елес еді.
Алапат үлкен де емес, тым кіші деуге де келмес. Тыриған арық, терісі сүйегіне қынаша жабысқан. Түн түнегінен де өткен қап-қара еді. Қып-қызыл көзін Тәңірім жаратарда тозақтың бір түйір шоғымен қарып жіберген тәрізді.
Серік Асылбекұлы: Бөтеннің тойы (әңгіме)
Құлтай қыр төсіне қыз емшектеніп шаншыла біткен биік боз төбенің басында шынтақтап жатыр. Ауық-ауық мойнын созып, төмендегі кең жазыққа бытырадай шашылып кеткен отардың о шеті мен бұ шетіне байырқалай көз салып қояды.
Жанболат Башар: Сұмырай (әңгіме)
Алматы әуежайы. Ығы-жығы халық. Жаңа ғана Мәскеуден ұшып келген әуе көлiгiнен түскендер арасында Сымайыл оқымысты да бар едi.
Талғат КЕҢЕСБАЕВ: ЛЕНИННІҢ БӘТЕҢКЕСІ
Белгілі жазушы Талғат Кеңесбаев мезгілсіз дүниеден өтті.
Марат Қабанбай. Түн, Тілеген, мүсін (әңгіме)
Төртеуі тағы оңаша.
Түн, Тілеген, қол тоқпақтай ескерткіштің кішкене үлгісі, уыс-уыс үйіліп жатқан саз балшық....
Түннің терезені қамағаны болмаса, шеберханадағы тірлікке тигізген шапағаты да, кесір-кесепаты да шамалы — қою қара түс әйнекті бояй тұтып тұр
Дулат Исабеков: «Қарғын» (роман)
Ол кезде жасы он сегізге толар-толмас уылжыған қыз еді. Өмір деген өзің талпынсаң болды, бар жақсылығын алдыңа жайып салып тұратын ертегілердегі қайырымды да, данышпан қариялардай боп көрінетін.
Шәрбану БЕЙСЕНОВА: Бәкене қыз (әңгіме)
Ауылдан үркектеп аулағырақ қонған аудандық автостанцияның алдында қалаға қатынайтын қызыл белдеулі домаланған сарғыш автобус дүрілдеп бағанадан тұр. Қыдырмашы қалашылар да, жексенбілік жайма базарға асыққан базаршылар да жайғасып, адам аяғы саябырлап қалғ
Оралхан БӨКЕЙ: Ардақ (әңгіме)
Биыл қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – жазушы, драматург ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ туғанына 75 жыл!
Мархабат БАЙҒҰТ. Сізді сүйген қыз едім… (әңгіме)
Мен сізге қай кезде, қалай және қанша жасымда ғашық болғанымды, неліктен мұндай дертке ұшырағанымды, қалайынша қатты сүйіп қалғанымды білмеймін. Әйтеуір бір күні, кешқұрымғы шақта, қас пен көздің арасында өзімнен-өзім қатты-қатты қуанып-қуанып кеттім.
Жарылқасын НҰСҚАБАЙҰЛЫ: Тәуекел
Жүсекең малын әдетінше күн шыға өргізді. Кеше ымырт үйірілгенге дейін жайып, кеш қамаған қой еріншектеу көтеріліп, керіліп-созылып, сілкініп, пысқырып жүріп қорадан шыққанша сүт пісірім уақыт өтті.
Жанна ИБРАЕВА: Жетім жұлдыз
Ұйқысынан шырт оянды. Бөлме қараңғы екен. Анасының жылап айқайлаған дауысы мен өгей әкесінің зілді дауысы жанды шошытады.
Дәурен ҚУАТ: БӨРІ СОҚПАҚ (Әңгіме)
– Жазушы боламыз.
– Ақын боламыз.
– «Боламызың» не? Болып қойғанбыз.
– Мен – жазушымын. Қазақтың қасқа маңдайына біткен жазушымын.
– Ал, мен – ақынмын. Ақынмын-ей, мен осы!
– Міне, енді сілтеп тастау керек.
– Түбіне дейін.
– Әрине, түбіне дейін.
Әбділдабек САЛЫҚБАЙ: Ілияс мінген Қарагер (әңгіме)
Қазақ даласының әр қиырынан келген өңшең саңлақ, кіл жүйрік Емілдегі Тасөткелге жеткенде шырқ иірілді. Ат жіберуге келісілген мәре осы тұс болатын.
Тұрсын ЖҰРТБАЙ: Түйешінің қызы (әңгіме)
Сырты сүйекпен өрілген кіп-кішкентай қобдиша. Осыдан жүз жыл бұрын, не сәл кейін жасалған дүние шығар. Іші қыжыммен қапталған қобдишада төрт бүктеулі хат пен дәптер сақтаулы тұр.
Роза МҰҚАНОВА: ҮРКЕК КЕРІМ (әңгіме)
Құштарлықтан арылғандай еді, пәндәуи тірліктен де айыққандай еді. Мынауысы қалай, жүрегінің түбін бойлап, жаны жылай ма..? Әлде жүрегі жанына бұйрық етпек пе?
Ерғали БАҚАШ: ЕЛЕС (әңгіме)
Түсі екенін, әлде өңі екенін айыра алмай дал болып жатты. Қорыққаннан орнынан тұра алмады. Бұрыш жақтағы шүмектен су бір ағып, бір тоқтап тұрғанын анық білді. Тек қозғалуға, тіпті жан-жағына қарауға батылы барар емес. Көзін тарс жұмып жата берді.
Асқар АЛТАЙ. Киллер сауысқан
Бұла тірлік атаулыға баз кешірген бұлаң құйрық сауысқан екен...
Бұл болса – сол сауысқан сана билік еткен пенде екен. Қу құлқынның құлы боп, қу нәпсінің тұтқыны боп күн кешіп келіпті. Сауысқан саңғыған саңғырық сезім салғыртсып, сауысқан сорған саңғырық
Қуаныш ЖИЕНБАЙ. Екінші бала өзінікі (әңгіме)
Шұғыл жолға жиналды. Бұл бөтен қалада ет-жақын таныстары болмаса да, курстастарын құлағдар етуге тиіс қой ең құрығанда.