Алаш прозасы
Еркін Жаппасұлы: Дауыстан дауыл тұрғызамыз
Үш күн үшкіртіп, бес күн бақсы ойнатсаң да, өңіңді қойып, түсіңе кірер жай емес. Кеше ғана кердеңдей басьш кекіріп, май жұтып, кілегей түкіріп жүрген әкіміміз бір-ақ күнде түбі шіріген теректей орнынан опырыла құлады. «Уф-ф» дегенге желп ете қалатын қауқа
Таласбек Әсемқұлов: Мәжіліс
– Қай костюміңді киесің? – деді әйелі.
– Ең кереметін! – деді әдетінші шалқи сөйлеп. – Ең сұлуын! Бүгінгі күні киілмеген костюм өртеніп кетсін! Білесің ғой бүгін қандай күн екенін, бәйбіше?
Талғат Кеңесбай. Қызғыш құс
Мені жұмыстан шығарғалы жатыр. Шынымды айтсам: оған өзім өкініп отырған жоқпын. Көп болса шахтаға барып қайтадан жұмысымды жалғастырармын. Онда тұрған не бар. Достарымның бәрі шахтер болып істейді. Солардың жанында ойнап-күліп жүрмеймін бе? Бірақ, ешқа
Дулат Исабеков: Шойынқұлақ
Аласапыран көктемнің кезі еді. Қыс бойы қар астында тұншыққан жер беті енді емін-еркін рахаттана тыныс алғандай. Ауыл сыртындағы құба жондар қыстан әбден титықтап тойымсыз табындыра түседі.
Талаптан Ахметжан. Мұң
Не өңі екені, не түсі екені белгісіз. Біреу атын айтып, айқайлап шақыратын сияқты. Өңі дейін десе, өзінің қайда екені беймәлім. Кеңістік те, өзі де жоқ. Бәрі буалдыр. Бәрі тұман. Түк түсініксіз. Түсі дейін десе, айқайлаған дауысты, сытырлаған дыбысты ап-а
Аягүл Мантай. Жалғыздық биі
– Үйден жалғыздықтың исі шыға ма екен?
– Гүлдің және француз әтірінің исі шығады.
– Жігіттен соңғы рет қашан гүл алғанымды ұмытып қалыппын, – деп көзіне түскен кекілін қайтарып, суық жымиды.
Сафуан Шаймерденов. Қой, басқа біреу шығар
Бір күні ұзақ жүріп командировкадан келдім. Әйелім есікті ашты да:
─ Сүйінші, Тайлан, ─ деп күле тұрып қалды. ─ Ие?
─ Жоқ, әкел сүйіншімді. Әйтпесе, айтпаймын.
Мирас Мұқаш. Меруерт
Ұйқыдан оянсам, жанымда әжем жоқ екен. Таң алакеуімнен тұрып, үйдегі ала сиырды сауып болған соң табынға қосуға әкететін үлкен шешеммен бірге оянбақ болып, білезігінен мықтап ұстап жатамын. Әр түн сайын ұйықтар алдында:
Мәди Айымбетов. Бозқараған гүлдегенде
Сәуір айының орта тұсында, көктемнің алғашқы жылы жаңбыры жауып өткеннен кейін, шағын ауласы бар жатаған үйдің күнгей бетке қараған қос терезесінің алдында өсіп тұрған жалғыз түп бозкарағанның гүлі шешек атады.
Кеңшілік Мырзабеков. Шалғында (әңгіме)
Маңайдағы ойдым-ойдым табан – тегіс шалғын, кешірек көктеген қырдың бидайығына орақ бәрінен кеш түседі; қозы-лақ желдесе де солай өреді, қара отқа айызы қанған мал бірауық жұмсақ шөпке тәбеті шапса да солай өреді.
Әлібек Асқаров. Достар үшеу еді…
– Жалғанда күйеуі бар келіншекке жұғыспау керектігін былайғы жұрттан талай естігем. «Ол дегенің баяу жарылатын мина секілді, түбінде бір бұрқ етіп, күліңді көкке ұшырады» десетін. Сол ғибрат рас боп шықты… Менің өмірімде де осыған ұқсас, әлі күнге ж
Тұрсынжан Шапай: КЕРЕКСІЗ
Ол шаршады. Шынымен-ақ шаршады. Әзелден айналысқан шаруамнан айнымаспын деген сертінен де қажыды. Күннен- күнге қадірі қашып, сыйлы болудан қалып барады. Айтқан уағызы, үйреткен ілімі кедергісіз өніп-көктеп, кенеусіз-ақ жайылып еді. Сарқылмас суат тапқан
Саттар Ерубаев. БАҚЫТ
Мен бақытты көрсем деуші еді. Біздің қақпаның алдындағы үлкен қара жолмен күнде бір қайыршы шал өтетін еді. Шал ұзын асасын жоғары көтеріп алып: - Е, азаматтар, бақытты болыңдар! – дейтін еді.
Әбдікерім Мұратов. Ақ қардағы ақ бекет
Сыдықәлі теміржол бекетіне пойызы жүрерден екі сағат бұрын келіп алыпты. Билетті де үш жұма бұрын алып қойған. Жазғы демалыстан бері ауылына барған жоқ. Төрт ай болыпты. Келген соң уақытын қалай өткізерін білмей әрі жүрді, бері жүрді. «Ақ-су» ұлттық дәмха
Тұрысбек Сәукетаев: БҰЛАҒАЙ
Тоғызыншы тарау
КҮНГЕ МАДАҚ
Таңғы зікір
Жер мен көктің жігі сызаттана сөгіліп, нығыз жауған күпсек қардың беті болар-болмас қылаңытқан шақта қоңыраулы даптың дабылынан жым-жырт тайга дүр сілкініп оянды. Ұшар басы көк сүзген зәулім самырсын-қарағайлар сықы
Сәкен Жүнісов. Сонарда (әңгіме)
- Менің көптен бері айтып жүретін тілегім орындалды. Атам өзімен бірге мені қақпан құрып жүрген жеріне апаратын болды, - деп бастады Серік бұдан бірнеше жыл бұрын болған әңгімесін.
Айнала дала жым-жырт. Құлаққа ұрған танадай, тырс еткен дыбыс жоқ. Аппақ
Мағира Қожахетова. Жалғыз ұлдың келіншегі
Пенсияға шыққан шыққан төрт-бес айдың арасында Нұрханның өзгеріңкірегенін әйелі іштей сезіп жүр. Бұрынғыдай емес, күрт жуасығандай. Жиырма бес жылды әскери қызметте, одан бері уақытын милиция саласында өткізгені тап-тұйнақ жинақылыққа, бетің, жүзің бар де
Нұрғали Ораз: Жеңіліс
Әй, бар болғыр, осы бір троллейбустардың алдыңғы және артқы орындықтарының өте қызық орналасқанын айтамын да!.. Ең алдындағы екі кісіге екінші қатардағы екі кісі арқасын беріп, өкпелеп қалғандай теріс қарап отырады.
Несіпбек Дәутайұлы: Обал дүние (әңгіме)
Әр тұсы тарлауыт жайдақ аңғардың ортасымен ағып жататын жіңішке өзеннің екі жағалауы бір кезде бірін-бірі жалғаса соққан тоқал үйлерден тұратын ауыл еді. Сонда бар ғой, анау аумағы әжептеуір алаңқайға адам аяғы баспайтын. Себебі, ортасын ала оқшау көзге
Нұржан Қуантайұлы. Үрейлі үш күн
Білезіктегі дисплейі дың ете қалды. Қараса, «сізді 11.00-де махалла жандармы Ли мырза өзінің офисінде күтеді» деген хабар тұр. «Тағы не керек бұған?» деп ойлады Ерімбет. Аңдығаны мен болдым ғой бұл иттің. Япырау, микрочип бар, білезік-дисплей бар, көше ме