Көптен бері ел алдына бірге шықпаған Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан қолтықтасып түскен суреттерін желіге жүктеп, елді шулатты. Кезінде дуэт боп, хит әнді жарыққа шығарған әншілердің бірін-бірі "жау санауы" елдің түсініспеушілігін тудырды.
ЕРКЕ ЕСМАХАН МЕН ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ. ФОТО Т.ТӨРЕӘЛІНІҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ
Бұл суреттердің астына Төреғали: "Үйренген жау атыспаққа жақсы", - деп жазып қойған.
Желі қолданушылары бұдан астар іздеп, әншінің неліктен Еркені "жау" деп атағанын түсінбей әлек болды.
ЕРКЕ ЕСМАХАН МЕН ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІ. ФОТО Т.ТӨРЕӘЛІНІҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ
Олар Ерке Есмахан продюсері Баяннан кеткен соң Төреғалимен шығармашылық қарым-қатынасын қайта қалпына келтірмек деген болжам айтты.
Сонымен бірге оқырмандар қос әншінің бір-біріне жұп болуға лайық екенін де айтып, осыған назар аудару керектігін ескертті.