Қазақтың 100 әншісі жабылып бір Бейонсенің табысына жете алмайды

Қазақтың 100 әншісі жабылып бір Бейонсенің табысына жете алмайды

Әр сала бойынша әлемнің үздіктерін анықтап, жариялап отыратын Forbes журналы жақында дүниежүзіндегі ең табысты әнші әйел ретінде Бейонсенің есімін атады. Forbes журналының мәліметі бойынша, америкалық әнші бір жылда 115 миллион доллар пайда тапқан. Ал қазақтың ең табысты деген әншілерінің жылдық табысы 2 миллион доллар шамасында. Қазақ әншілерін былай қойғанда қазақстандық шоу-бизнесте табыстың көзін табуға тырысып жүрген белгілі продюсер Баян Есентаева өткен жылы 1,5 милллион шамасында табыс тапқан. Алайда осы қарқынмен отандық шоу-бизнесте 10 жыл еңбек етсе де Баян Бейонсенің 1 жылдық табысына жете алмайды.

Әрине, әзірге қазақ шоу-бизнесі әлемдік шоу-бизнеспен салыстыруға келмес. Өйткені біздің әншілер Бейонсе секілді шоу-бизнесі дамып кеткен Америкада туып-өсіп, ағылшын тілінде альбом жазбайды. Бірақ бізде де Бейонседен еш кем түспейтін әншілердің бар екенін айта кету керек. Бір әттең-айымыз, біздің дарынды әншілеріміздің отандық той-бизнестен аса алмауында....

Бейонсенің әлем бойынша ең табысты әнші деген атаққа ие болуы ең алдымен оның ерекше дарынының арқасы екеніне ешкімнің дауы бола қоймас. Ол тек R’n’B стиліндегі әнші ғана емес музыкалық продюсер, актриса, биші, модель. Кішкене кезінен түрлі музыкалық байқаулардың жеңімпазы атанған Бейонсе әлемдегі ең беделді деген жүлделердің иегері. Оның әлемдік хитқа айналған әндері, альбомдары ондаған миллион данамен таралады. Алғаш 1990 жылдары шоу-бизнесте аты таныла бастаған Бейонсе 2000 жылдардан бүгінге дейін ең мықты деген әншілердің қатарында саналады. Әлемдік музыка сыншыларының көбі Бейонсені вокалдық диапазоны мен күшті дауысы үшін бағалайды. Оның дауысы – меццо-сопрано. Халықаралық әнші деңгейіне жеткен қарапайым афроамерикалық әнші Бейонсеге табысының көп мөлшері әлемдік турне мен альбомдарының сатылымынан түседі екен.

Ал енді өзімізге оралсақ, біздің ең табысты дегени әншіміз Қайрат Нұртас. Оның қаншалықты дарынды екенін әркім өзінше бағалайды, дегенмен табысы жағынан басқа әншілерден оқ бойы озық тұр. Оның бір жылдық табысы 2 миллион доллар. Қайрат басқа қазақстандық әншілермен салыстырғанда жеке концертін ең жиі беретін әнші. Оның концерттерінің барлығы дерлік аншлагпен өтеді. Қайрат жақында ғана Астана мен Алматыда «Еркелеп елге ән арнай» атты жеке шығармашылық кешін өткізді. Осы уақытқа дейін оның оншақты альбомы жарық көрген. Былтырғы жылы «Өкініш» атты фильм түсіріп, оған өзі түсіп, картинадан 600 мың доллар пайда тапқан болатын. Сондай-ақ Қайраттың да басқа әншілер секілді негізгі табыс көзі – той. Шоу-бизнестен гөрі той бизнес жақсы дамыған біздің елде әншілердің табысының 70-80 пайызы тойдан түседі. Тойдан табыс түсетін болғандықтан әншілеріміздің барлығы той әндерін жаздыруға мүдделі. Ал той әндерімен біздің шоу-бизнестің әлемдік деңгейге көтеріле алатынына әншілердің өзі де сенбейді.

Той-бизнестен тапқан табысын әркім өз қалтасына салып, өзінің қажетіне жаратуға үйреніп қалған. Ал шоу-бизнесте ақша үнемі айналымда болуы керек. Әншілеріміз заң бойынша өзінің әрбір орындалған әні үшін қай кезде, кімнен гонарар талап ететінін де біле бермейді. Тіпті талантты деген әнші халықаралық байқауға қатысуға ниет білдірсе, онда баратын қаржыны қайдан аламын деп дал болады. Шоу-бизнестен пайда табу үшін бірінші ақша салу керек емес пе? Ал біздің продюсерлер қаржы салмай, пайда тапқысы келеді. Осыдан кейін біздің шоу-бизнес кенже қалып қалды деп зар илейміз.

Осы уақытқа дейін қазақ өнерін әлемге танытуға, қазақ шоу-бизнесін дамытуға тырысып, талпыныс жасап көрген адамдар да жоқ емес. Айталық Қыдырәлі Болманов «Ұлытау» тобымен бірнеше мемлекетті аралап, қазақтың қара домбырасын, күйлерін біраз жерге жеткізді. Бірақ одан да биікке жетуге болар ма еді....Алайда біз әлі күнге дейін қазақ шоу-бизнесін дамытудың тетігін таба алмай отырмыз. Сондықтан бізге қазіргі таңда әлемдік шоу-бизнестің заңдылығын, жүйесін жіті меңгерген мамандар қажет болып тұр.

Қазір әлемдік шоу-бизнесте не өтімді, әншінің имиджі қандай болуы керек, беделді деген халықаралық байқауларға қатысудың жолдары қандай, қазақ әншісі өзге тілде ән айтып, басқаларды таң қалдыра ала ма, әлемдік шоу-бизнесте біздің ұлттық ерекшелігіміздің байқалып тұруы маңызды ма? Міне осы сұрақтар жауап тауып, іс жүзінде тәжірибеден өткізе алсақ, біраз жетістікке жетер ме едік?

Әдетте біз қай салада болсын, шетелден маман шақыртып, ісімізді дөңгелетіп беруіне қарсылық білдіріп жатамыз. Бірақ дәл осы шоу-бизнеске келгенде бізге әлемдік деңгейдегі мықты продюсерлердің тәжірибесі қажет-ақ. Сіз қалай ойлайсыз?

Аlashainasy.kz

Автор: Айнұр СЕНБАЕВА

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста