Қазақстандық белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке шалдықты

Қазақстандық белгілі джаз әншісі Жанна Саттарова қатерлі ісікке шалдықты

Қазақстанның белгілі джаз әншісі Жанна Саттарованың қатерлі ісікке (рак) шалдықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның әпкесі Гаухар Саттароваға сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта әнші Сеулде емделіп жатыр, ол химиялық терапия курстарынан өтеді. Бұған бейжай қарамаған достары мен әріптестері көмек сұрап жатыр. "Біз қазір достарымыздың көмегінің арқасында Сеулде, "Чеиль" клиникасындамыз. Менің туған сіңлімнің тоқішегінен қатерлік ісік табылды. Оған қазір ота жасауға дайындап жатыр, сәтті болады деп сенеміз. Ұзақ мерзімді емдеу курсы мен химиотерапия курсы қажет болады, содан кейін қалпына келеді, - дейді Гаухар Саттарова. - Бірақ мұның барлығы өте қымбат. Оның барлық достары мен таныстарынан, оның үлкен дарынын сүйетіндер мен танымайтындардан да бей-жай қалмай, жағдайы жеткенінше қаржылай көмектесуін сұраймын. Барлық ақша оның еміне жұмсалады, ал қалған сома онкологиялық ауруға шалдыққан басқа да адамдарға беріледі".

Жанна Саттароваға көмектескісі келетіндер оның Facebook әлеуметтік желісінде арнайы ашылған парақшасында көрсетілген есепшотына қаржы жібере алады. Жанна Саттарова - Қазақстанда джазвумен образында тұңғыш өнер көрсететін әншілердің бірі. Тыңдармандары оның терең, сезімге толы даусы мен сұлу келбетін ұнатады. Ол әлемге әйгілі хит әндерді орындайды. Жанна Саттарова Қазақстандағы джаз концерттерінде ғана емес, сонымен бірге шетелде де ән айтқан.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста