Жұлдызы жарасқан жұптар немесе жұбы жарасқан жұлдыздар

Жұлдызы жарасқан жұптар немесе жұбы жарасқан жұлдыздар

Админ ағамыз шоу-бизнесті оқырмандарға қызық деп тапқан екен, біз құп алдық. Негізі теледидар қарамаған соң, қандай тақырыпты қозғаймын деп шын састым. Шоу-бизнес өкілдеріне айтылатын сын көп әрине, өйткені ел алдында жүрген соң, жұрт олардан үлгі алады, алмаса да, біздің қазіргі мәдениетіміздің бір келбеті ғой.

Он ойланып, тоқсан толғанып, еліміз үшін шаңырақ ұғымы қашан да киелі болған соң, тіпті 8 қыркүйекте отбасы күні аталып өткен соң, өнерде де, өмірде де серік болып жүрген жұлдыздар жайлы жазуға бел байладым.
Үйлену оңай, үй болу қиын екенін білеміз, ал шоу-бизнесте жұп жазбай, бір-біріне қолдау көрсетіп, тірек болу қиынның қиыны десем, қателеспейтін шығармын.
Өз басым қазақ шоу-бизнесіндегі отбасылардың арасында ең жақсы көретінім Қыдырәлі мен Қарақаттың жанұясы. Олар 1996 жылы Қарақат әлі студент, ал Қыдырәлі танымал «АБК» тобында ән шырқап жүргенде кездескен. Үйленгендеріне 15 жыл, өздеріңіз білетіндей биыл жазда дүниеге олардың төртінші ұлы келді. Қыдырәлі Қарақатты перзентханадан гүл, оркестр және ақ лимузинмен күтіп алған болатын, шіркііііін десейші! Өздеріңіз білетіндей Қыдырәлі сәждеге бас қойып, кіші қажылығын өтеп келген. Бұл отбасы еліміздің тек мәдениетінің дамуына ғана үлес қосып жүрген жоқ, сондай-ақ біздің балаларымызға қуаныш сыйлап, қазақша ән айтып, билейтін сапалы ойыншықтар шығарып жүр. Қызыма «Бал-бала» сауда белгісінің қоянын сатып алғаным бар.


Қыдырәлінің сөзінше, отбасы бақытының құпиясы – балалар және өзара түсіністік. Меніңше бұл отбасы біздің жастарға үлгі болуға лайық.
Бай отбасылардың бірі Алтынай мен оның проюдюсері Сәкен. Бай дегенім, ақшасы көп емес, қыздары көп. Алтынай өнер адамы, жар және ана қызметімен бірге ауырсынбай, бес уақыт намазын алып жүр. Сәбиттің айтуынша Алтынай өнерге қарағанда отбасына, балаларына, үй шаруасына ұқыпты, жауапты адам, алғаш көргенде оның таланты мен дауысына қызыққан екен. Ағамыздың айтуынша бұл отбасындағы аура тура ауылдағыдай. Алтынайдың сөзіне сүйенсек Сәбит үшін басты орында жұмыс, сондықтан келген туыстарына «Алтынайдың келін болып сендерге шай құйып сызылып отыратын уақыты жоқ» деп, оны жетектеп үйден шығып кететін көрінеді.

Бұлардың отбасы беріктігінің құпиясы – сенім. Ал Сәбит нағыз шоу жасап, бұрынғы әйелі Айгүл Иманбаева мен қазіргі әйелі Алтынайды сахнаға бірге шығарып ән айтқызған. Сәбиттің айтуынша эстрада дегеннің өзі – шоу, оған үнемі жаңалық қажет. Тағы бір жаңалық «Қазығұрт» кинокомпаниясы екеуі туралы «Күндестер» фильмін түсірмекші.

Продюсеріміздің дерегіне сүйенсек, Республика сарайында концерт өткізу үшін 6 млн. қаражат жұмсалатын көрінеді, сондықтан халыққа әнін сыйлау үшін осыншама тер төгетін өнерлі азаматтарымыз мақтауға лайық деп ойлаймын.
Отандық шоу-бизнестің бетке ұстар тағы бір отбасы Тоқтар мен Бейбіт. Тоқтар қазақ өнерінің тазалығы үшін күресіп, баспасөзде әншілердің арасындағы кемшіліктерді үнемі айтып отырады. Ұнайтыны жас болса да, батысқа еліктемей, өзіміздің мәдениетті қадір тұтатыны. Ал Бейбіттің ән айтудан басқа да өнері жетерлік: ас пісіру, тігін тігу, құрақ құрауды да біледі. Бір ұл тәрбиелеп отыр. Екеуі де сәждеге бас қойған.
Бұған қоса, бұл отбасы гастрольдік сапармен ауылдарға жиі барып тұрады. Бұл орайда қуантатыны тек табыс табуды көздемей, шалғай ауылдарда тұратын тыңдаушылардан қол үзбей, қауышып тұратындығы, яғни өз тыңдаушысын өте сыйлайтын әншілердің бірі.
Өздерінің шаруа қожалықтары да бар екен, онда мал өсірумен айналысады. Тоқтар бәйге аттарына құмар екендігімен де белгілі. Өнер адамдарының арасында Тоқтар мен Бейбіт секілді отбасылар көбейе берсе екен.

Келесі кезекте ынтымағы жарасқан тағы бір өнерлі отбасы Рамзан аға мен Ұлту апай. Рамазан аға мен Ұлту апай Алматыдағы эстрада-цирк студиясында оқып жүріп танысқан, отбасы құрғандарына биыл 27 жыл толыпты. Рамазан аға дәстүрлі әннің жоғын жоқтап жүрген азаматтардың бірі. Баспасөзде үнемі атадан қалған мұрамыздың қазіргі жағдайы мен шешілмей жатқан мәселелері туралы айтып та, жазып та жатады. Рамазан аға мен Ұлту апай бір ұл, бір қыз өсіріп отыр. Ұлту апай баларының басы-қасында болып, олар біраз өскенде ғана өнер академиясының күндізгі бөлімін бітіріп, эстрадаға кейіннен ғана шықты. Рамазан ағаның айтуынша бұл отбасының ең кереметтілігі – қазақшылығында. Қалада тұрса да, «Нұра» деген жердегі саятшылар клубының толыққанды мүшелері, бүркіт пен құмай тазы ұстайды екен. Қосымша кәсіпкерлігіне келетін болсақ, кезінде Рамазан аға бүкіл тумасын жинап, кірпіш зауытын ашыпты, бірақ туысқан жүрген жерде сауда алға баспай, зауытты жауып тастаған екен.

Сазгер Қанат пен әнші Светаны да таныстырып жатудың қажеті жоқ шығар. Олар педагогикалық институттың бірі музыка, бірі филология факультетінде оқып жүргенде танысқан. Светаның айтуынша үйден көп шыққанды ұнатпайды, мүмкіндік болса жанұясымен бірге болғанды қалайды. Үш бала тәрбиелеп отырған жайлары бар, үлкен ұлдары Димаш 2012 жылғы «Жас Қанат» байқауының гран-при жүлдегері, 2012 жылы Украинаның Ялта қаласында өткен «Шығыс базары» халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алған. Қанаттың айтуынша оның әке-шешесінің бірінші одақтасы – Света, кейде тіпті одан гөрі ата-анасы келіндерін жақсы көреді деп ойлайды екен.

Тағы бір танымал жұлдызды жұптардың бірі еліміздің күйеу баласы Парвиз Назаров пен оның продюсері Әлия Есенова. Олар 1991 жылы Парвиз «Азия дауысына» қатысуға келгенде танысып, міне бүгін отасқандарына 20 жыл толыпты. Олардың айтуынша бақытты отбасының құпиясы – бірін-бірі түсіну.

«Ұлытау» тобының гитарисі күйеу баламыз Максим Кичигин мен скрипкашы Зара Есенаман 4 жыл кездесіп, 2010 жылы үйленген, бір қыз тәрбиелеп отыр. Зараның да өнері аз емес, ол «Харкор» атты кітап жазған болатын. Онда жастарға қатысты мәселелер, соның ішінде, нашақорлық тақырыбы қозғалған. Бұл кітап Вашингтон қаласындағы Конгресс кітапханасының жасөспірімдерге арналға әдебиет бөлімінде және Нью-Йорктегі қоғамдық кітапханада бар. Бұған қоса Зара бірнеше телехабарлардың жүргізушісі және сценарий авторы да болды. Сегіз қырлы бір сырлы қызымыз тек скрипка тартып қана қоймай, ән де айтады. Бірақ осының бәріне қарамастан ол үшін ең басты құндылық – отбасы. Біздің қыздарымызға үлгі тұтуға лайық екеніне шүбә жоқ.

Отандық шоу-бизнесте аты шығып жүрген отбасылардың тағы біреуі скрипкашы қызымыз Лана мен күйеу баламыз режиссер Константин Саркисян. Олар 2010 жылы үйленген, ұл өсіріп отыр. Константиннің айтуынша Қазақстанның әрбір әйелі – ұлттық игілік, ал Лана – өнер туындысы. Лана отбасының берекесі, ер адамның алға жылжуы, қызметте табысты болуы әйелге байланысты деп ойлайды. Лананың «Миллениум» бейнебаяны екеуінің бірлесе жасаған туындысы. Лана қазір Мәскеуде тұрады, бірақ Қазақстан азаматтығынан бас тартқан емес, тек тіркеу орнымды ауыстырдым дейді скрипкашымыз.

Танымал жас отбасылардың тағы біреуі Бүркіт пен келініміз Аиша. Олар 2010 жылы үйленді, бүгін-ертең бөпелі болды деген жаңалықты да естіп қалармыз. Бүркіттің айтуынша ол билеп жатқан келіншегіне түскен сұқ көздерден оны қызғанбайды, өйткені олар әртіс, ал бұның бәрі жұмыстың бір бөлігі. Отбасында Аиша оған қашан да бағынады. Ойларында дүниеге бес бала әкелу бар екен. Биыл екеуі де ауыз бекітіп, ораза тұтқан.

Жазира мен Жанболат. Екеуі алғаш жолыққанда Жазира 16 жаста болатын, содан бері бірге. Екеуі жатақханада көрші бөлмеде тұрған, Жанболат әйтеуір бір сылтау тауып Жазира қыздармен тұратын бөлмеге барғыштай берген екен. Бұлар өрімдей жас кезінде үйленгендердің бірі, жасөспірім балалары бар. Олардың айтуынша отбасыны ерте құрған дұрыс, өйткені үлкейген сайын махаббатпен есеп араласып жатады, ал есеппен үйленген жұптар көбіне ажырасып жататыны рас. Бұл да ауылға жиі барып тұратын жұптардың бірі, Жазира ауылда кәдімгідей халат киіп, орамал тартып келіннің міндетін атқарып жүреді екен. Ал алғаш келін болып түскенде үйдің бар шаруасын істеп жүріп, төртінші күні «Неге маған ешкім көмектеспейді? Мен не осы үйдің қызметкерімін бе?» деп жылаған көрінеді. Жанболат сахнада момын жігіт болып көрінгенімен, Жазираның айтуынша бір кісіге жетерлік мінезі бар екен және әрдайым соңғы сөз соныкі.

Аталған жұлдыздардың қай-қайсысынан да шығармашылықта да, жалпы өмірде де, әсіресе отбасының берекесін келтіріп отырғандарынан үлгі алуға тұрарлық деп санаймын. Маған әсіресе бұл кісілердің еңбекқорлығы мен тынбай ізденісте болуы ұнайды. Бәріне де табыс және отбасының бақытын тілеймін.
КерекИнфо

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста