Бүркіт, әнші: "Қазақтың қызы табылмады ма?" деген сынды жиі естимін

Бүркіт, әнші: "Қазақтың қызы табылмады ма?" деген сынды жиі естимін

Айбек Жансейітов – қазақ эстрадасының танымал әншісі десек, көпшілік көрермен бұл есімді танымай жатуы мүмкін. Өйткені өзінің көңілді, ырғақты әндерімен халықтың жүрегіне жол тапқан бұл әншіні көпшілік Бүркіт деп біледі. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын үлкен сахнаға қанатын қомдап шыққан әнші бүгінде қазақ өнерінің қыранына айналған. Бүркіт өзінің Алла берген ерекше дауысымен, сымбатты келбетімен, ашық-жарқын мінезімен өнерде де, өмірде де халқына сыйлы азамат. Өнерге жан-тәнімен берілген Бүркіт тынбай еңбек етіп, әрдайым көрерменін шығармашылығындағы жаңалықтарымен қуантып жүреді. Бүркіт «Алаш айнасы» оқырмандарының сұрақтарына да уақытын қиып жауап берген еді.

– Бүркіт, сіз сахнаға ең алғаш шыққанда көбінесе орыс тілінде ән салатын едіңіз. Байқап отырсақ, соңғы жылдары тек қазақша әндер орындап жүрсіз. Халықтың сұранысына орай репертуарыңызды өзгерттіңіз бе? Әлде...
– Иә, сұрағыңыз өте орынды. Мен алғаш сахнаға шыққан 2003-2004 жылдары орыс тілдерінде әндер орындап жүрдім және сол әндерімнің көбі мұңды, пессимистік сарында болатын. Кейіннен бір досымның «әншінің әр айтқан әні Аллаға дұға секілді жетеді» деген сөзі мені қатты ойландырды. Қарап отырсам, менің әндерім ылғи «сағындым, қимаймын, жете алмай жүрмін» деген сарындағы мұңды әндер екен. Сол уақытта өзімнің өмірім де осы әндердегідей болған секілді. Кейіннен стилімді өзгерттім, репертуарыма ылғи көңілді, ырғақты, билейтін әндер енгіздім. Шынымды айтасам, өмірім де көңілдене түскендей. Сондай-ақ өзім қазақ бола тұрып, өзге тілдегі әндерді қанша керемет айтсам да, ол әндердің хит бола алмайтынына көзім жетті. Өзім біраз шетелдерді аралап көріп те жүрмін, мәселен Түркияда түрік әншісі ағылшынша ән айтпайды, өзінің түрікше әндерін хитқа айналдырады. Қазір өзімнің де, Аиша екеуміздің де репертуарымызда тек қазақша әндер. Халықтың сұранысына ие болып жатқанымыз да сондықтан шығар. Өз басым кез келген әнді өз қалауыммен таңдаймын. Халықтың сұранысы осы екен деп кез келген өз көңілімнен шықпаған әнді орындай салмаймын. Аллаға шүкір, орындаған әрбір әнімнің халыққа ұнап жатқаны үлкен сәттілік деп есептеймін.
– Сіздің әндеріңіз биге лайық, ырғақты болғандықтан тойға да жиі шақырылатын боларсыз.
– Иә, халық тойға жиі шақырды. Шамам келгенше баруға тырысамын. Өйткені менің өнерімді бағалап, өзінің қуанышына шақырып жатса неге бармасқа? Көптеген жас жұбайлар Аиша екеуміздің минустарымызды алып, тойларында біздің әндерімізді орындап жатады. Осы сахнада жүрген он жылда мен қандай да бір жетістікке жетсем, бұл халқымның арқасы. Әндерімді тыңдап, өзіме тілеулес болып жүрген тыңдарманыма алғысым шексіз. Алла халқымызды тойдан айырмасын!
– Аиша сіздің алдымен өнеріңізге, одан кейін өміріңізге өзгеріс, жаңа леп әкелгендей. Алайда әншілігінен бишілігі басым екені байқалып тұрады.
– Шынын айту керек, Аишаның дауысы керемет деп айтуға келмейді, ол бірнеше жыл бимен айналысқан кәсіби биші. Мен алғаш Аишамен танысқанда мені ғашық еткен оның түр-келбеті және ішкі жан-дүниесі. Ол тіпті сахнаға шығып ән айтуға талпынған да емес, мен оны сахнаға өзім алып шықтым.
– Жар таңдауда қателескен жоқсыз ғой?..
– Жоқ. Мен отбасын құруға, жар таңдауға өте саналы, байсалды түрде қадам бастым десем болады. Өзім отыздан асқанда үйлендім, өйткені осы кезде ғана өзіме өмірлік серік болатын адамымда кездестірдім.
– Сіздің репертуарыңызда «Мекенім Қазақстан», «Туған жер», «Қарапайым қазағым» деген секілді патриоттық әндер бар. Осы әндеріңіздің мәтіндері тек ұйқасқа құрылған, жеңілдеу деген пікірмен келісесіз бе?
– Мен орындап жүрген патриоттық әндер қазіргі заманға және өзімнің стиліме лайықталып жазылған әндер. Меніңше, бұл әндерді үлкен де, кіші де өте жақсы қабылдайды. Әсіресе дауыс ерекшелігіме қарай десем болатын шығар, көбінесе өзімнің қатарластарым және ел ағалары әндерімді жақсы көріп тыңдайтындарын айтып, көрген жерде қолымды алып жатады. Соған қарағанда бұл әндердің мәтіні жеңіл-желпі деуге бола қоймас.
– Өзіңіз әндердің мәтінен қатты көңіл бөлесіз бе, кәсіби ақындармен жұмыс жасайтын боларсыз?
– Иә, мен әр әнімнің сөзіне жіті мән беремін. Өзіме түсініксіздеу болып жатқан тұсын міндетті түрде анама көрсетемін. Өздеріңізге белгілі менің анам ақын, көп жылдар мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген ұстаз. Мәселен, жақында «Дәридай» деген ән жазылды. Сөзін ақын Ринат Зайытов жазған болатын. Осы мәтінді анама көрсеткенімде ол кісі біраз жеріне түзету енгізді. Сонымен әннің сөзін екі автор жазды. Жалпы мен әрқашанда анамның кеңесіне құлақ асып жүремін. Өйткені үлкен кісілер қашан да ақылымызға ақыл қосып отырады ғой. Өзім үлкен кісілермен сөйлескенді, дастархандас болғанды жақсы көремін. Ал енді ақындарға келетін болсақ, алғашқы кездері әндерімнің сөзін жора-жолдас, достарыма жаздыратынмын, кейде анам жазып беретін, кейінгі кездерде Шөмішбай Сариев, Ринат Зайытов секілді кәсіби ақындарға жаздырып жүрмін.
– Сіз өзіңіз ән жазасыз, бейнеклиптеріңізде де өзіңіз түсіресіз...
– Иә, мен әнді кішкентайымнан жазамын. Кішкене кезімде домбырамды қолыма алып күй шығарып отыратынмын. Сонда үйдегілер балам күй шығарады деп мәз болатын. Айтпағым, мен өнерге кішкентайымнан құмар едім. Әкеме еліктеп әскери адам болғым келсе де, өнерге деген махаббатым басымырақ болды. Бейнеклип түсіргенде де көбінесе өзімнің қиялыма ерік беремін. Өйткені маған әндерім шабыт береді.
– Сын қабылдай алатын адамдардың қатарынансыз ба?
– Иә, мен жөнімен айтылған сынды өте дұрыс қабылдаймын, мінім болса түзеуге тырысамын. Бірақ, Аллаға шүкір, шығармашылығыма қатысты аса көп сын айтылғанын естімеппін. Көбінесе жеке өміріме қатысты сын айтылып жатады. Әсіресе әлеуметтік желілерде «Бүркітке қазақтың қызы табылмай қалды ма, басқа ұлттан әйел алғаны несі» деген секілді пікірлерді жиі кездестіремін. Бірақ мен мұндай сөздерге мән бермеймін.
– Кейбір әншілер өзінің жеке өмірін құпия сақтап жатады. Ал сіз туралы кез келген ақпаратты ғаламтордан оңай тауып алуға болады...
– Иә, оныңыз рас. Менің халқымнан жасыратын ештеңем жоқ. Шығармашылығымдағы болып жатқан жаңалықтардан бөлек отбасымдағы әр жаңалық халыққа жария болып отырады. Мәселен, менің ұлды болғаным, үлкен үй салып жатқаным, жарыма көлік сыйлағаным, бәрі-бәрі халыққа тарап жатады. Мен бұған қайта қуанамын, өйткені мен халықпен бір жанұяда өмір сүріп жатқандай сезінгім келеді өзімді. Тек жақында дүниеге келген баламды бір жылға дейін көпшілікке көрсетпеуді шештік. Өйткені кішкентай нәресте болған көз тие ме деп қорықтық. Ал өміріміздегі басқа жаңалықтардың бәрі баршаңызға аян.
– Ендеше біздің оқырмандарымызбен де алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз.
– Таяуда осы Алматының айналасындағы Талғар, Тұздыбастау деген секілді шағын қала, ауылдарға барып концерттер қойып келдік. Қазіргі таңда жаңа әндер жазылып жатыр. Алдағы шілде айында отбасыммен шетелге барып тағы да екі бейнебаян түсіріп келуді жоспарлап отырмыз. Осы уақытқа дейін әлемнің біршама мемлекетін араладық. Қателеспесем, 14 елге барыпын. Бұл жолы Мексика мемлекетіне барып қайтпақпыз. Жаз мезгілі деген өте әдемі, көңілді, тамаша мезгіл ғой. Осы мезгілді өзім қатты ұнатамын, бейнебаяндарымды тек жазда түсіремін. Сондықтан да көбінесе ыстық елдерге барып демалғанды, бейнебаян түсіргенді ұнатамын.
– Әлемдік деңгейдегі әнші атағын бағындырғыңыз келмей ме?
– Маған кейбіреулер сенің дауысың жақсы, түр-тұлғаң да келісті, шетелдік шоу-бизнесте бағыңды сынап көрмейсің бе, киноға неге түспейсің деген секілді сұрақ қойылып жатады. Бірақ мен өзге елдің сұлтаны болғым келмейді. Егер мен Ресейге баратын болсам, қайтадан бәрін 0-ден бастауым керек. Ол жақта өздерінің Бүркіттері жетеді. Сондықтан өзімнің қарапайым қазағымның әншісі болып жүре бергім келеді.
– Қазақ шоу-бизнесіндегі көптеген әншілер сахнада ән де айтады, бағдарлама да жүргізеді, киноға да түседі, әйтеуір әмбебап. Сіздің осыған пікіріңіз қалай?
– Әрине, әр нәрсені басын шала беру дұрыс емес деп есептеймін. Бірақ мен әріптестерімнің бұл әрекеттерін сынай да алмаймын. Мүмкін бірнеше саланы бірге алып жүрген өнер адамдары өз жолдарын әлі таба алмай жүрген болу мүмкін....
– Былтырғы жылы Астана қаласында өткен жеке концертеріңізде домбырамен терме орындап, халыққа тағы бір қырыңыздан танылдыңыз. Домыраны кәсіби түрде меңгергенсіз бе?
– Домбыра әр қазақтың жүрегіне жақын, құлағына жылы естілетін аспап қой. Мен домыбарны кішкентайымнан ойнаймын, музыка мектебінде жеті жыл домбыра сыныбында оқыдым. Болашақта домбырада орындалатын әндерімді әлі де дамыта түссем деп жүрмін.
– Бүркіт, сіздің әкеңіз әскери адам, анаңыз ұстаз. Өнегелі отбасында тәрбиелендіңіз. «Атан-ананың қадірін балалы болғанда білесің» деп жатады ғой. Өзіңіз перзент сүйіп, әке атанғандағы сезіміңіз қандай?
– Әке атану, өз балаңды қолыңа алу деген сөзбен айтып жеткізе алмайтын тамаша сезім. Қазір Зейін атты кішкентайым енді-енді ширап қалды. Тезірек өсіп жетектеп жүретін жасқа жетсе екен деп жүрмін. Жұмыстан бос уақытымда баламды өзім шомылдырып, серуенге алып шығамын. Менің ойымша, бала «ұяда не көрсе, ұшқанды соны іледі». Өзіміз үйде төрт ағайындымыз. Екі ағам, бір әпкем бар. Біз төртеуміз де осы уақытқа дейін ата-анамызды жерге қаратқан емеспіз. Өйткені ата-анамыз бізге жақсы тәрбие берді, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауды үйретті. Әкем бізді темірдей тәртіпке, өтірік айтпауға, орнымен сөйлеуге баулыды. Өзім үлкен ағама қарап өстім. Қазір ағаларымның екі баласы менің қолымда тұрып оқып жатыр. Екеуі де алтын балалар. Мен де өзімнің ата-анамнан алған тәрбиемді балаларыма сіңіргім келді. Кемінде бес балам болса деп армандаймын, жұбайымның да арманы осы.
– Сұқбатыңызға үлкен рахмет! Отбасыңызға бақыт, шығармашылық табыстар тілейміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста