"ҚАЗАҚ АРУЫ-2015" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Кеше елордадағы «Қазақстан» концерт залында елімізде бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан «Қазақ аруы-2015» республикалық сұлулық байқауы өтті.

Еліміздің ең әдемі аруы атағы үшін 16 мен 25 жас аралығындағы 26 үміткер сынға түсті. Бұл сайыста тек ең сұлулар ғана іріктелген жоқ, сонымен бірге талантты, ең бастысы, өз халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін жақсы білетін жас қыздар таңдалды.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Айта кетсек, қазақстандық дизайнерлердің қолынан шыққан киімдердің сән байқауы, шығармашылық және зияткерлік әлеуеттері сын тезінен өтті. Сонымен қатар, қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әсерлі сәнді би билеп, еліміздің эстрада жұлдыздарымен бірге дуэтте өнер көрсетті.

Биылғы байқауда қыздардың қазақстандық дизайнерлердің киімдерін киіп шығатын жыл сайынғы дефилесінде қатысушылар Аида Қауменова, Наиль Байкучуков пен Jaka Fashion сән үйі тіккен көйлектерде шықты.

Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлде және «Қазақ аруы-2015» атағы Қарағанды облысының тумасы Кәмшат Қоскеловаға бұйырды. Оған ару тәжін өткен жылғы байқау жеңімпазы Гүлназ Жоланова салтанатты түрде табыс етті.

Біз де Кәмшатты жеңісімен құттықтаймыз!

baistars.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста