Актер Артур Төлепов желідегі оқымандарына өзі жайлы қызықты ақпарат жариялады.
"Аптаның бірінші күні сәтті және көңілді өтіп жатыр деген ойдамын. Мен біраз сырлассам деймін сіздермен. Мен Артур біреулерге ақыл - кеңесші аға, үлкенге құрмет көрсететін іні, ата-анам үшін ғәзизә ұлы, мәхбұбәм "сүйіктім" үшін асыл жары екенім мәлім сіздерге. Одан басқа сіздер біле бермейтін, қызықты оқиғаларым және фактілер бар, соларды астарлайық ...
Фактілерге тоқталсам...
1. Сұрасаңыз Төлеп атамыздың әкесінің аты.
Кіші жүздің ай таңбалы ысық заты.
Баласы Сайлау - өзі мощный жігіт.
Аталарымыздың жолын қуып келе жатқан мен ол сары жігіт.
2. Бойым 1,78...Салмағым 75
3. Жұлдызнама - тауешкі
4. Ең сүйікті спорт - футбол. Чемпион болуды армандайтынмын.
5. Қазақ тілі және орыс тілі жетік меңгергенмін, сәл-пәл біраз ағылшын тілі және ойдан құрастырылған француз тілдерінде сөйлеймін.
6. Ұмытудың бірінші орынбасарымын, тәулік ішінде екі рет әмиянымды жоғалтқанмын.
7. Сүйікті тағамым "палау"
8. Эмоцияға берілемін, көзіме жас келіп көрген мультфильм " Братец медвежонок"
9. Өзім түскен фильмдер, сериалдар, сұхбаттарым ешқайсысын көрген емеспін. Көре алмаймын, өзімді ыңғайсыз сезінемін.
10. Сүйікті кумир - Леонардо Дикаприо.
Желі қолданушылары сүйікті актеріне сәттілік тілеп, пікір қалдырды.
"Өлең оқығаныңыз күшті", "Рольде жақсы ойнайсыз, неге көрмейсіз өзіңізді", "Өзін кинодан қайталап көрмеу мүмкін емес", - деп жазды олар.