Бірнеше күннен бері батыс өңірін аралап гастролдік сапарда жүрген Музарт тобы көңіл көтеріп, балық аулап, қыдырған сәттерімен де бөлісті.
МузАрт тобының жігіттері Жайықтың жағасы мен кәрі Каспийдің соққан толқынын көріп, алған әсерлерін оқырмандарымен бөлісті. Батыс өңіріндегі бірнеше қалаларға есеп беру концертін өткізіп жүрген әншілеріміз қыдырудан да қолы босамай жатқанға ұқсайды.
Шағаламен жырысып, қайыққа отырған өнер иелері біраз жерді шарлап, Атыраудың балығына қарық болыпты. Балықшыдан қарма жерсің демекші, жұлдыздарды батыстықтар балыққа тойдырыпты.
Сый құрмет көрсеткен сол өңірдің тұрғындары үйлеріне шақырып, дастархан жайып, қонақ қылған сәттерін әншілер инстаграм желісіне салыпты.