Будда Гриша есімді ресейлік блогер жас әнші Димаш Құдайбергенге сын айтқан Есболат Беделханды сөгіп тасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Есболат Беделхан Нью-Йоркте өнер көрсеткен Димашты сынап, жазба қалдырған еді. "Орда" тобының әншісі Димаш Құдайбергеннің шетелде домбыра шертіп, шапан киіп ән шырқағанына қарсылық білідіріпті.
"Сіздер кезінде ұжымдарыңызбен танымал болған едіңіздер, десек те іштарлық- дұрыс емес қасите. Сіздер керісінше, Димаш әлемжұртының алдында өз мәдениетін құрметтеп, домбырамен ән салып жүрген Димашты мақтан тұтуларыңыз қажет. Мен мысалы домбыраны Димаш арқылы таныдым. Оның арқасында Қазақстандағы жағдай туралы естіп, қазақтың шапаны қандай екендігін көрдім. Димаштың домбыра шертіп, шапан киюінде тұрған ешнәрсе жоқ. Керісінше ол ұлттық мәдениетті насихаттап отыр. Өз басым АҚШ тұрғындары бұрын дағы шапанды да, домбыраны да көргендеріне күмән келтіремін. Бірақ Димаштың арқасында мұның бәріне қарық болды. Сіздің орныңызда болсам, отандасымның мұндай белеске жетуіне қуанатын едім!", - деді блогер.
Бұған қоса ол Димаштың арқасында Қазақстанға келуді жоспарлап жүргенін жасырмады.
"Facebook желісіндегі ұят жазбаңызды оданша өшіріңіз. Сіз Димашты даттаудың орнына мақтауыңыз керек еді. Меніңше, Димаш дждүркіретіп тұрып, Қазақстанды 2019 жылы бүкіл әлемге таныта алды. Оның концертін тамашалауға бүкіл әлемнен ел ағылып келді. Егер менің жерлесім осылай домбыра шертіп, қазақтың шапанын кисе басымды иер едім. Ол сіздердің елдеріңізді әлем назарына ұсынып, танытып жатыр", - деп қосты Будда Гриша.
Блогердің Алматыда жақындары бар көрінеді. Айтуынша ол Қазақстан жұртымен танысып, еліміздің табиғатын өз көзімен көргісі келеді екен. Димаштың ел мәдениетін әлемге паш етуі бүкіл мемлекеттің жұртшылығының назары Қазақстанға аударуына алып келеді дейді. Бұл өз кезегінде мелкеттің туризміне де әсер ететіндігін жеткізді.
"Есболат, Димаштың өнер көрсетуі мемлекеттің жас ұрпағы үшін маңызды болып есептеледі. Соны естен шығармағаныңыз жөн", - деп аяқтады сөзін блогер.