Музарт тобының әншісі Сәкеннің інісі Роман жақында әке атанды. “Үлкен әке” деген атаққа ие болған Сәкен үшін биыл той жылы болып отыр.
Бұл туралы Comode.kz жазады.
Себебі, таяуда досы Мейрамбек те сәбилі болған еді. Кезінде До-Ма-жор тобында өнер көрсеткен Роман Майғазиев кеше Алматы қаласындағы 3-ші перзентханадан жары Эльмира мен сәбиін шығарып алды.
Осыдан төрт күн бұрын дүние есігін ашқан ұлының есімін Расул деп қойыпты. Тұңғыш ұлы Рамазанға ұқсатып қойған болуы керек.
Достарымен бірге күтіп алуды жөн санаған Роман машинаның ішін гүл шоқтары мен шарларға толтырыпты. Әншінің шаш бауын көтеруге өзінің досы, бір топта ән салған Ермек Мұқашов та осы жерден табылыпты.