Айгүл Мүкей кішкентай баланың аузына түкірген Төреғалиді жақтап шықты

Төреғали Төреәлі осыдан біраз уақыт бұрын сахнада тұрып кішкентай баланың аузына түкіріп, елді шулатқан болатын. Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей Ұлы дала баласының бұл тірлігін жақтап шықты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Айгүл Мүкей мен Төреғалидің жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Рассказать Вконтакте

Айгүл Мүкей өзінің әншіні жақтаған жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

"Ауызға түкіру - қазақтың дәстүрі. Төреғалидің бұл ісін көпшілік тағы да сынға алуда. Ал мен оны жақтағым келеді. Бұл - расымен жақсы дәстүр немесе ырым. Бірақ біреулерге жабайылық болып көрінуі мүмкін. Әсіресе аналарға белгісіз әжелердің баласының аузына түкіргені ұнамайды. Алайда мұндай салттың бар екені рас. Сондай-ақ ол бізді жабайы ғасырға қайта алып барып тастамайды.
Мүмкін өзге әншілер мұны сахнада жасамас. Қайткен күнде де сахнаның өз этикасы бар. Бірақ, Төреғалидің өзіне сенімді екеніне бірнеше рет көз жеткіздік. Оның әнді өте жақсы айтатыны да белгілі. Әрі өте сүйкімді екені өтірік емес. Сынайтындай ештеңе жоқ", - деп жазды Айгүл Мүкей.

Алайда желі қолданушыларына тележүргізушінің бұл жазбасы жақпай қалған.

"Айгүл ханым, сізден мұндайды күтпедік", "Сізді Төреғалиді жақтайды деп ойламадым", "Бірақ ол үнемі шу шығарып жүреді ғой. Біз фильмге түсуге барғанда, бізді адам құрлы санамады. Ол ісіне кешірім де сұрамады ғой".

"Әр бала өзінше тұлға. Мүмкін ол балақай Төреғалидан мықты шығар? Өз басым ауызға түкіруге қарсымын", "Салтты да орындайтын өз орны болады. Бүкіл халықтың алдында баланың аузына түкіру туралы ой Роза Рымбаеваға неге келмеген екен? Адамда этика деген дүние барын ұмытпау керек" деп желідегілер пікір білдірген.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі сахнада өзіне гүл сыйлаған баланың аузына түкіріп, кейін артынан теуіп, жұрттың ашуын тудырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста