«Қазақстан ауры — 2013″ атағының иегері, еліміздің атынан «Әлем аруы – 2014 сұлулық байқауына қатысқан Айдай Исаева Instagram-да алғаш рет сүйіктісінің суретін жариялады, деп хабарлайды Bnews.kz.
Биылғы жылғы 17 сәуірде Айдай Исаева ұзатылды. Бұл қуанышымен ол Instagram парағында бөлісті.
«Достар, мен бақыттымын! Мен өмірімнің жаңа кезеңіне аяқ бастым. Енді мен келінмін. Сондай-ақ, бүгін менің туған күнім. Осыған байланысты сүйіктім өзінің суретін жариялауға рұқсат берді. Танысып қойыңыздар, бұл Мақсат», — деп жазды Айдай өзінің Instagram парағында.