Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Меруерт Әбусейітова «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік Елге» тақырыбындағы айдарымызда өз пікірімен бөлісті Шығыстағы елшілердің дипломатиялық шеберлігі таңқалдырды. Қазақ хандығының құрылу және қалыптасу уақыты орта ғасырлармен тұспа-тұс келген. Бұл кезде Қазақстандағы саяси жағдай өзінің тұрақсыздылығымен ерекшеленген. Көптеген шайқастардың нәтижесінде кейбір бірлестіктер күшейіп, басқа одақтар әлсірей берген. Тарих ғылымы үшін 1598-1599 жылдары қазақ хандары және аштарханидтардың арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы ресми келісімшарттың маңызы зор. Аталмыш құжат Сырдария маңындағы қалалар үшін соғыстан кейін пайда болған.
«Менің айтқым келетіні, дипломатиялық елшіліктің тамыры тереңде жатыр. Егер Қазақ хандығы туралы сөз қылсақ, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Абылай ханды ерекше айтар едім. XV-XVIII ғасырлардан бастап көзге түскен хандар мен сұлтандар тарихтың әрбір кезеңінде бар. Олар шет елдермен дипломатиялық әрі сауда-экономикалық қарым-қатынастар орнату ісінде маңызды рөл атқарған. Бұл кездегі дипломатиялық практика сол уақыттағы қажеттіліктерге сәйкес дамыған. Мысалы, Тәукел ханның арқасында 1598-99 жылдары қазақ хандары Сырдария маңындағы қалалардың бір бөлігін иеленген. Қазіргі уақытқа дейін аталған өңір – мемлекетіміздің меншігі. Ал қазақ халқы көшпелі өмір салтын ұстағандықтан, жайлаулар мен жаңа жерлерге мұқтаж болған...», – деді Меруерт Әбусейітова.
«Инша-ий Тахир Вахид» деп аталған Әбдірахим ханның Тәуке ханға жазған хаты, XVII ғ., Индия елі. Саларджанг музейі Келісімшарттың талаптары қатаң сақталған. Шартты жасағанда арнайы діни салттар, сондай-ақ Аллаға ант беру рәсімдері де өткізілген. Сонымен бірге, келісімшарттар көбінесе үш түрге бөлініп қарастырылған: 1. Бірінші келісімшарт бойынша хан және оның әскері шарттың екінші қатысушысымен бірге жорыққа шыққанда немесе оған жартылай әскери қолдау көрсеткенде (әскери қолбасшы немесе сұлтанмен басқаратын жасақты жіберу) бейбітшілікке қол жеткізіледі. 2. Екінші келісімшарт бойынша бір жақ келесі жаққа берілген салық сомасын төледі. Сонымен бірге некеге тұру негізінде жасалған шарттар да осы топқа жатқан. Ал төлемдер болашақта өтелген. 3. Келісімшарттың үшінші түріне сәйкес, жер басқа қатысушының меншігіне өтіп, кейбір жағдайда салық төленген. Келіссөздерді әр түрлі тұлғалар жүргізген: мемлекет атынан сөйлейтін хандар, сұлтандар, қожалар, елшілер, әскери көшбасшылар және басқалар. Осындай делегациялар екі, 6-7 адамнан құрылған. Елшілер арнайы сыйлықтар дайындап, түйе керуендерімен және атқа мініп келген.
Сонымен қатар, белгілі бір елге жіберілген кісі сол мемлекеттің салт-дәстүрлері, мәдениеті, жолдарын жақсы білген еді. Елшілер — бес саусағынан бал тамған өте шебер жандар. Қай жерге барса да, олар осы елдің тілін білуге тиісті болған. Егер елші бұл өңірдің тілін білмесе, онымен бірге аудармашы жіберілген. Мұның барлығы қазақ мемлекетінің дамуындағы дипломатияның маңыздылығын аңғартады. Қазақ хандары елдің мүдделерін қорғау мақсатында халықаралық аренадағы дауларды шешу үшін барлық дипломатиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланған.
e-history.kz