Арыстардың ажалына қатысты қауесеттер қимастықтан туды ма?

Арыстардың ажалына қатысты қауесеттер қимастықтан туды ма?
«Қазақ зиялыларын жазықсыз айыптап, қуғын-сүргінге ұшыратқан репрессияда Мағжан, Сәкен, Міржақыптар тірі қалған». Бұл – ел арасында жиі айтылатын қауесеттердің бір парасы. Бірақ сол қауесеттердің көптігі бекер еместігі анық. «Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды» емес пе?.. Ал мәселе тек ғылыми тұрғыда зерттелгенде ғана шешімін табатынға ұқсайды.
1937-1938 жылдары 100 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырады. Солар­дың 25 мыңы ату жазасына кесілген. Зұл­мат жылдары жазықсыз құрбан болмаған қазақ зиялысы кемде-кем. Тарих бетінде арыстардың репрессияға ұшырап, қаза бол­ғандары айтылғанымен, ел арасында те­ріс пі­кірлердің дені азаяр емес. Мысалы, барлық құжаттарда «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы 19 наурызда атылды» деп айтылады. Бірақ М.Жұмабаевқа қатысты Ба­уыр­жан Момышұлының қалдырған қол­жаз­ба­лары талай газет беттері мен ғалам­тор парақтарында жарияланған болатын.
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ:
Мен Мағжанды көрдім
1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада ко­ман­дирінің орынбасары болып тағайын­далдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында от­қа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері бір­түрлі, әсілі сотталғандар болуы керек. Олар­дан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқ­ты. Мен соған жақындап келіп, қазақ­ша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да, үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде:
– Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, – деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп:
– Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, – деді. Мен оның қа­зақ­тың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе, көмектескім келді де:
– Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұры­ңыз, – дедім. Он шақты күннен кейін уақы­тым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы ма­ған оның мал айдап жүріп, суға кетіп қай­тыс болғандығын айтты.
(Қаһарман Бауыржан Момышұлы, Алматы, «Өнер» баспасы, 2008 ж. 98-бет.)
Бұдан өзге де, 1939 жылдан кейінгі уа­қыт­тарда «көрдім» деп куәгер болған жан­дардың саны бірталай. Дәл осындай жағ­дай С.Сейфуллиннің өліміне қатысты айтылып жүр. Жезқазған облысының Ақадыр ауданында Сәкеннің туылғанына 100 жыл толуына орай ескерткіш тұрғызылмақ болды. Дәл осы сәтте Ақадырдың райком пар­тиясының хатшысы Жазыкен Томпиевке Магадан лагерінде тұтқында болған Иван Мудров таңғаларлық хабарды жеткізеді.
Иван МУДРОВ:
Мен Сәкенді жақсы танитынмын. Өлгенде өз қолыммен жер қойнауына тапсырған ем
Жас күнімде «Қарағандыкөмір» шахтасында еңбек еттім. Кезекті жер астында жа­ры­лыс болып, шахтадағы апаттың кінәсі менің мойныма ілінді. 1939 жылы маусым­ның 5-і күні Қарағанды облыстық сотының оты­рысы өтті. Он жылға сотталып, Магаданда болдым. Жақсы қорғаушы табылып, мерзімімнен бұрын, 1940 жылы бостан­дық­қа шықтым. Сол жылы Магаданда келбетті, орта бойлы, орыс тілін жетік меңгер­ген қазақтың Сәкенімен таныстым. 25 жыл­­ға «халық жауы» деп айыпталған екен. Бірақ өзі жайлы көп ештеңе айтпайтын. Та­ныс­қаннан кейін біраз уақыт өткенде «қа­зақ қашып кетті» дегенді естідім. 1940 жыл­дың ортасына таман сәуір айында Сә­кен­нің мәйіті көпірдің астынан табылды. Бұ­рынғы Горький атындағы ауылдан 500 метр қа­шық­тықта жер қойнауына өз қо­лым­мен тапсырдым».
(Е.Кузнецова. Сакен Сейфуллин погиб на Колыме?// «Индустриальная Караганда» газеті, 24 шілде, 2010 жыл)
Міржақыптың жайы мүлдем бөлек. Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектептің ұстазы, зерттеуші Медет ДҮТБАЕВА өз мақаласында былай деген:
«Міржақып Дулатұлы Карелияда түр­ме­де жатқанында оған Солтүстік Мұзды мұхит арқылы Мұстафа Шоқай келіп, алып кетпек болған. Бірақ «мен мұндағы бауырларыма керекпін» деп, Міржақып ұсы­ныстан бас тартқан. Міржақып атамыз сол кезде түрмеде қиындық шегіп жатқан түркі-қазақ бауырлары үшін орыс-түрік (қазақ) сөздігін жазып, құрастырып жат­қан, сол үшін бас тартқан. Осы жолы екі арыс үш күн қатарынан жолығып, әңгіме­лес­кен деседі…»
(К.Зәйітқызы. Екеуі де бір Міржақып болып жүрмесін... //«Үш қиян» газеті, 26 тамыз, 2010 жыл)
«Міржақып Алтайда болуы мүмкін» деген сөзге жан бітіретін тағы бір дәлел – Алаш арыстарының бірі Райымжан Мәрсе­ков­тің Моңғолиядағы қазақтарға қашып баруы. Оны ол жерден қытай әскері ұстап әкеткені туралы тарихи деректер бар. Ал ақын Сұраған Рахметұлы Алаштың арысы Міржақып Дулатұлына өте қатты ұқсас, бір құпия адам 60-жылдарға дейін Өлгей ай­мағында өмір сүргендігін айтады. Ел ара­сында тараған әңгімелердің бұл – тек жартысы ғана. Сонда жазықсыз атылған арыс­тар­дың өлмей қалғандығы туралы қауесет­тердің көптігі нені білдіреді? Қазақтың заңсыз қудаланған азаматтарына деген қимастығы ма, әлде шындық па?
Қалила ОМАРОВ, алаштанушы, кинодокументалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Жазықсыз атылған арыстардың өлмей қалғандығы туралы қауесеттердің көп болуының себебі – қазақ халқы ертегіге сенгіш халық. «Анау айтты, мынау айттымен» өтірік әңгімені көбейте береміз. Иә, рас, Алаштың арыстарына қатыс­ты біршама әңгіме айтылып жүр. Мысалы, Мағжан Жұмабаевтың өліміне қатысты үш түрлі нұсқа бар. Мен деректі фильм түсіргенде оның бәрін зерттеп, құжаттарын жинағанмын. Тіптен ақын­ның сүйектеріне сараптамалық зерт­теулер жүргізілді. Оның басына оқ тиіп, маңдайын опырып түскен. Сол кездері өзге де даулы сұрақтарға жауап табу мақсатында арыстардың барлығына ДНК сараптамасын жүргізуді басшы­лыққа ұсындым. Бірнеше жыл бұрын
«1 миллион АҚШ доллары болады, ақша жоқ» деп ұсынысым қабылданбады. Бір жағынан М.Жұмабаевқа қатысты Бауыржан атамыздың айтқанына сенбеу мүм­кін емес. Сол себепті ешкім қазір ол шын­дық, болмаса құр қауесет деп айта ал­май­ды. Ғылыми тұрғыда зерттеп, нақ­ты жауап берген дұрыс болар. Сарап­та­малық жұмыстар жүргізудің бұл заман­да мүмкіншілігі аса зор. Технология да дамы­ған, бағасы да қымбат деуге келмейді. Алаш азаматтарының ұрпақтары бар. Солар арқылы зерттеп, бұл мәселеге түбегейлі нүкте қою қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста