Абай – биік! Оған көпшіліктің ақылы әлі жете алмай жатыр...

Сіздер қызықсыздар, достар. Абай - биік. Иә, оған көпшіліктің ақылы әлі жете алмай жатыр. Бірақ, ол биік - Қазақтың ой-өрісінің қарқынды дамуына тосқауыл бола алмайды. Болса, біздің келешегіміз де Абай деңгейінде мәңгі қала береді деген сөз. Ақыл-Естің дамуы - шексіз процесс! Соны Асқар Сүлейменов түсінген. Түсінгеннен соң ғана, ол "Қазаққа ес кіргенде, Абай ескіреді" деп кеткен. Абай - Құдай емес. Сондықтан, культ жасаумен ауырмаңыздар.
Абайды зерттеу керек пе, - керек, танып-білу керек пе, - керек. Ал, келешекте, адам баласы өзінің барша қабілеттерінің жан-жақты дамуы дәуіріне де жетеді. Мысалы, адам баласына тән телепатия, телекинез, телепортация, левитация, т.т. сансыз қасиеттер (Басында Бағы /Жұмақ Ес-ақылы/ бар Бақшыларға тән қасиеттер) ол уақытта ешкімді таң қалдырмайтын болады. Әркімнің ақыл-есіне "Хақтықтың сәулесі молынан түсетін" болады. Әне, сондықтан да, со кездегі адамдар: "Жарықтық Абай да бір замандарда "Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі. Іштегі кірді қашырса, - адамның хикмет кеудесі" деп дәл болжап айтқан еді-ау" деген сыңайда ғана, аруақты құрметтеп еске алады. Бар болғаны - сол. Яғни, о кезде "Абай ескіреді", ағайындар. Өйткені, ол уақыттағы адамдардың -қасиет-қабілеттері, жасампаздығы Абайдікінен мың есе қарқынды болмақ.
Жә, Асқар Сүлейменовтың "ескіреді" дегендегі негізгі мәнді достарымыз әлі түсінбей жүр. Ол Кісінің сондағы меңзегені - "Абай айтқанды ұғыңыздар, меңгеріңіздер. Сонда сіздер даналықтың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік аласыздар. Ал, рухани ой ойлаудың ондайлық жаңа деңгейіне көтерілу және одан да әргі даму сатыларына көтеріле беру - "Абайдың ескіргені" деген сөз".
Осыны түсініңіздер, достар!

18 желтоқсан. 2018 ж.

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста