Психологтер адам мінезі-құлқы мен оның дүниетанымы арасында байланыс барын анықтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іslam.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы neurosciencenews.com ақпарат көзі зерттеу материалын жарияланған.
Ғалымдардың пайымдауынша, адам мінезі мен темпараментіне қарай әлеммен, дәлірегі, қоршаған ортамен байланысқа түседі.
Адамның жеке басының қасиеттері мен оның дүниетанымы арасындағы байланысқа қатысты ғалымдар 1300-ден аса мета-талдау жүргізіп, әлемнің елуден аса елінен мәдениеті мен демографиялық тобы әрқилы 2 млн-нан аса адамды қадағалаған.
Ғалымдар қарапайымдылықтан пен кішіпейілділіктен бастап, ымырашылдыққа дейінгі ондаған тұлғалық қасиеттердің когнитивтік қабілетпен өзара байланысын мұқият қарастырды.
Бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан Теңіз Үнес есімді профессордың айтуынша, адам өзін таныған жағдайда өзінің бойында бұғып жатқан қарым-қабілеті мен әлеуетін ашып, шығармашылық деңгейге көтеріледі.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz