ОҚО ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде жасалынған мониторинг жұмысы жақсы нәтижеге қол жеткізді, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» «Еркін Ой» газетіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының көлемділігі, табиғи жағдайлардың әртүрлілігі жер реформасының нәтижесін обьективті бағалауға, ол реформаны жүзеге асыру сферасын кеңейтуге, оның ішінде жер ресурстарын тиімді пайдаланудың экономикалық негізін жасауға мүмкіндік береді. Жер реформасының нәтижесінде аймақта шаруашылықтың барлық салаларының бір деңгейде дамуына, қозғалмайтын мүліктер нарығының дамуына жер қатынастары сферасындағы заңдардың нығаюына бағытталған қайта құрулар жүргізіліп жатыр.
Облыс территориясы табиғи-климаттық көп зоналылығымен ерекшеленіп, 4 зонаға бөлінеді: солтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік – жазық, оңтүстік-шығыс – таулы. Территорияның табиғи жағдайлары да әртүрлі: шөлдер және шөлейттер, тау алды қыраттар мен тау жоталары орналасқан.
Табиғи шаруашылық қатынастарға қарай келесі зоналарға да бөлінеді: қаракөл қойларын өсіру дамытылған шөлді мал шаруашылық зонасы, суармалы егіншілік зонасы (Келес, Сарыағаш зонашалары), таулы-жазықты – суармалы емес егіншілік дамыған зона, жалаңаш жазықты зона (Мақтарал ауданы, мұнда мақта шикізатының 62 пайызы орналасқан).
2003 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәліметтер бойынша ОҚО жер қоры 11724,9 мың га-ны құрайды. Оның ішінде ауышаруашылық жерлері – 6262,8 мың га, халық қоныстанған жерлер – 854,7 мың га, ерекше қорғалатын территориялар – 76,3 мың га, орман қорының жерлері – 3036,9 мың га, өнеркәсіп, транспорт, байланыс, қорғаныс және т.б ауылшаруашылығында пайдаланылмайтын жер көлемі – 54,8 мың га, су қорындағы жерлер – 34,1 мың га, қордағы жерлер – 1506,3 мың га, біздің республикамыздан тыс жерлерде пайдаланылатын жерлер – 99 мың га. Облыс жер қорының көп бөлігін ауылшаруашылық жерлері – 53,4%, орман қоры – 25,9%, қордағы жерлер – 12,8% құрайды.