Мамандар өрттен сақтану жөнінде жиын өткізді   

Шілде айы туғалы еліміздің барлық аймағында күн ысып, шыжыған аптап бетке ұрып тұр. Адам баласының өрттен өте қауіптенетін айы да – осы шілде айы. Күннің ысуы күшейген кезде кішігірім егістік жері бар немесе жайылымдық жері бар шаруалар да, орман тоғайлы аймаққа жақын қоныстанған жұртшылық та сақтық шараларын күшейте түседі. Тілсіз жау қала ма, ауыл ма, дала ма ешқайсына да қарамасы анық. Өйткені сәл ғана ағаттық жіберіп алса аптап ыстықта өрттің бетін қайтару өте қиынғы соғатыны айтпаса да барлығына түсінікті. Осындай мезетте қауіптің алдын алғанға не жетсін. 

Бүгін осы мәселге қатысты ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Жиында қозғалған негізгі тақырып өрт туындау қауіпі күшейіп тұрған мезгілде сақтық шараларын күшейте түсу болды.

Атаулы жиынға ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Бекболатұлы Дербісов пен төраға орынбасары Дмитрий Аанатольевич Титов  қатысып, түйткілді мәселелерді кеңінен талқылап, атқарылған шараларды баяндап берді. 

Комитет төрағасы мемлекеттік жүйедегі азаматтық қорғаудың басты бағыттарының бірі тілсіз жаудың алдын алу және оларды жою екеніне тоқталды. 

Қауіптің алдын алу шаралары жіті жүргізіліп жатқанына қарамастан өрт туындау қауіпі күшейітін мезгіл басталғалы 394 орман өрті мен 22 дала өрті тіркеліпті. Қызыл жалынға оранған аймақтың жалпы көлемі 35 мың гектарға жуықтаған. 

Арнайы мекеменің таратқан мәліметіне қарағанда жыл сайын ел аумағында сегіз жүзге жуық орман мен дала өрті болады екен. Арнайы сараптама жасалғанда өрттің  43 пайызы табиғи құбылыстардан, яғни найзағай түскендіктен басталғаны анықталыпты. Ал 50 пайыздан астам апат адамдардың жіберген қателігінен, жауапсыздығынан болған. 

Осы уақытқа дейін атқарылған шаралардың ретіне тоқталсақ Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің ұйымдастыруымен арнайы мобильдік топтар құрылып әр түрлі жұмыстар жасалған. Ол топтар  азаматтық қорғау, полиция мен әкімдік және БАҚ қызметкерлерінен жасақталған. Мобильдік топтардың атқарған жұмыстарының арқасында жеті мыңнан астам рейд жүргізіліп, мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы анықталыпты.

Өртке қарсы жұмыстар жүргізуден жергілікті атқарушы органдардың табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелері де шет қалып жатқан жоқ. Олар өртке қарсы арнайы тактикалық сабақтар өткізіп, елді мекендердің қауіпті жерлерін қарап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Өйткені азаматтарды ақпараттандыру және ағарту жұмыстары тілсіз жаудың алдын алудың маңызды факторы екені белгілі. 

Сонымен бірге, аудан және ауыл әкімдіктерінің өртке қарсы іс-шараларды орындауы туралы облыс әкімдіктері де хабардар болып отырады. Тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізілген. Үш жарым мыңнан аса елді мекеннің айналасында жану қауіпі жоғары қураған өсімдіктер мен жанғыш қоқыстардан тазарту жұмыстары жасалған. Он тоғыз мың шақырымнан астам  аумаққа минералданған жолақтар жүргізілген. Ормандар мен далалы жерлердегі өрт ошақтарын дер кезінде анықтау үшін авиациялық арнайы патрульдеу жұмыстары атқарылады. Төтенше жағдайлар министрлігі екі жүзден астам табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемесінің, сондай-ақ елуден астам балаларды жазғы сауықтыру лагерінің өртке қарсы жағдайы мен дайындығына тексеру жүргізді.

 

Жиында айтылған мәліметтерге қарасаңыз тілсіз жаудан қорғанудың, жоюдың, алдын алудың барлық мүмкіндіктері қарастырылып, Төтенше жағдайлар министрлігі қыруар шаруа атқарып жатқанына көз жеткізесіз.

Арнайы мекемеге ғана сеніп қарап отырмай еліміздің байлығы мен адамдарымыздың саулығын, қоршаған ортаны, аялы табиғатымызды қорғау әр азаматтың парызы екенін еске салып өткеннің артығы болмас. Ормандар мен далалы жерлердегі өрт көп жағдайда адамдардың кінасынан болатынын осы жиында мамандар тағы да айтып өткенін нақты сандармен жоғарыда жаздық. Сондықтан әр азамат қоршаған ортаға жанашырлық танытып, осы салада тәжірибе жинап, арнайы сақтық шараларын біліп жүргені жөн. Еліміздің әрбір тұрғыны өрт қауіпін сезген, білген жағдайда жедел әрекет етіп, алдымен арнайы мекемеге қоңырау шалғаны дұрыс. 

Мамандар орманда немесе  қамысты, қураған өсімдіктерге жақын жерлерде аса қажет болған жағдайда және қатаң белгіленген, арнайы жабдықталған орындарда ғана от жағуға болатынын үнемі ескертіп келеді. Өртену қауіпі жоғары аймақтарда рұқсатсыз от жағуға заңмен шектеу қойылғанын, оқыс оқиғаға қатысы бар адам заңмен жазаланатынын әрбір саналы азамат білуге тиісті.

 

Осы ретте азаматтарымыз білуге тиісті қарапайым ержелерді тағы да қайталап өткеннің артығы болмас.

  • Сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын бей-берекет тастамаңыз;
  • Өзендер мен көлдердің жағасында да өте қажет болмаған жағдайда от жағуға болмайды, өйткені өзен-көлдердің айналасында да қамыс пен қураған өсімдектер көп болады;
  • Құрғақ шөптер мен қамыстардың арасында от тұтатуға, темекі шегуге, сіріңке жағуға мүлдем болмайды;
  • Қандай орында болмасын, тіпті өз аулаңызда болса да тазалық үшін құрғақ шөпті, немесе қалдықтарды өртеуге болмайды;
  • Ағаш кесу орындарында темекі шегуге, сіріңке жағуға болмайды;
  • Ағаштар жанында, қарағайлы ормандарда от жағуға болмайды;
  • Кез келген орында үлкен аумақты қамтитындай от жақпаңыз;
  • Қатты жел соққан кезде от жағуға болмайды;
  • Жағылған отты кез келген жағдайда қараусыз қалдырмаңыз;
  • Орманға тікелей іргелес аумақтарда құрғақ шөпті, қураған ағашты және басқа жанғыш материалдарды жағуға болмайды;
  • Кез келген жерде сөндірілмеген отты қалдырмаңыз, әбден өшіріп барып кету керек;
  • Орманда немесе далада қоқыс қалдырмаңыз;
  • Егер сіз өрт басталғанын көріп, оны өз бетіңізше жеңе алмасаңыз, аумақтық орман шаруашылығы диспетчерлік қызметіне, орман күзетіне,  өрт сөндірушілерге дереу хабарласыңыз;

 

Өртті сөндіру әдістері

  • Өрт тұтанған жағдайда бірден сөндіруге кірісіңіз, өйткені өрттің алғашқы минуттарында сөндіруге бір адамның да күші жетеді;
  • Өртті құммен немесе топырақпен бастырыңыз;
  • Суды оттың шетінен бастап құйыңыз;
  • Өрттің жолынан жанып кетуі мүмкін кез келген нәрсені алып тастаңыз;
  • Сақ болыңыз! Өртті тек жел жақтан сөндіріңіз;
  • Өрттің ортасында қалып қалмау жағын қатаң ойластырып, қауіпті аймақтан шығып кету жолын қамтамасыз етуді және қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпаңыз.

 

Елімізде тілсіз жауға қарсы күреске барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінгі брифингте республикамыздың өртке қарсы қызметтері сан түрлі мақсаттағы үш мыңнан астам техникамен қамтамасыз етілгені де айтылды. Былтырдың өзінде әкімдіктердің демеуімен 154 техника сатып алынған екен. Дегенмен «Сақтықта қорлық жоқ» екені айдан анық. Сондықтан қоршаған ортаны тілсіз жаудан сақтауға еліміздің әрбір азаматы жауапты болуы тиіс.

 

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста