Іскер әйелдердің әрбір ісі берекелі

Еліміздегі үкіметтік емес ұйымның бірі – Іскер әйелдер қауымдастығы. Осыдан 26 жыл бұрын құрылған қауымдастықта 15 мыңнан астам әйел тіркелген. Елордадағы қауымдастықта жүзге тарта кәсіпкер бар. Жаны нәзік болғанымен қайсар, сұлу, жанашыр арулардың әрбір ісі берекелі. Өйткені олар өздерінің жеке кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, шаңырағын шаттыққа бөлеп отыр.

Қазақстанның әйелдер күштері альянсы төрағасының орынбасары. кәсіпкер, Мәслихат депутаты Назгүл Мақжанның айтуынша, әйел адамның қырық жаны бар демекші, қыз-келіншектер отбасына, балаларына көңіл бөле отырып, жеке кәсібін де істей алады, өйткені кәсіпкер нәзікжандылардың барлығы дерлік, ең алдымен уақытын жоспарлап, әр сәтін үнемді пайдалануға тырысады. Қауымдастыққа мүше әйелдердің күнделікті жасап жатқан әрбір ісі барша әйелдер қауымына үлгі. "Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейтін" қырық шырақты әйел заты болудың өзі үлкен жауапкершілік.
Назгүл Мақжан біраз жылдан бері ерлерге тән жиһаз жасау кәсібін дөңгелетіп келеді. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін істі біраз жылдан бері дамытып, айналасындағы қыз келіншектерге үлгі көрсетуде. "Маған хабарласып мұң-мұқтажын айтатын, кеңес сұрайтын әйелдерге қолымнан келгенше көмегімді аямауға тырысамын" дейді ол.
Іскер әйелдер қауымдастығына зауыт-фабрикалардың тізгінін ұстаған әйелдер, ірі кәсіпкерлер, мейрамхана, қонақ үй иелері, тіпті құрылысшылар, білімді де білікті жандар мүшелік етеді. Олардың атқарып жатқан істері ер адамның еңбегіне бергісіз.

Елордадағы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Сәния Қамбарқызының айтуынша, жас кәсіпкерлерлің талабы мықты, әлеуеті зор. Оларлың әрбірі қанатын қағып, биікке самғауға әзір. Қауымдастықта қазіргі таңда ақылды, ойы зерек, болашаққа деген бағдары айқын жастар көптігі қуантады. Олар өз істерін дөңгелете отырып, қайырымдылық жасауға, сауапты істерге атсалысуға тырысады. Қауымдастық мүшелері халыққа сапалы қызмет көрсетіп, шын мұқтаж жандарға қол ұшын беруге, қазақ жастарының білім алуына жағдай жасап жүреді.

Елордадағы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері жыл сайын шетелдерге шығып, қазақ әйелдерінің кәсіпкерлігін әлемге паш етуде.
Қауымдастыққа мүше болғысы келетін кәсіпкер әйелден талап етілетіні, қауымдастықтың дамуына үлес қосу, тың ізденістерімен жаңашылдық әкелу.

Болмысы нәзік болғанымен рухы мықты кәсіпкердің бірі – Сайра Матайбаева. Ол отыз жылдан бері кәсіппен айналысып келеді. Осы уақыттың жартысынан көбін ол еліміздің жиһаз өндірісін дамытуға арнаған және құрылыс саласында да еңбегі зор. Сайра ханым Республикалық Іскер әйелдер қауымдатығының Ақмола облысы бойынша жетекшісі. Ол қарамағында екі жүзге тарта кәсіпкеомен жұмыс істейді. Сайра Матайбаева Ақмола облысындағы өзі кәсіпкерлік етіп отырған ауылдардың бірінде мектеп салып берді. Бүгінде бұл мектепте алты жүзге тарта оқушы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады.
"Қазақстанда шикізат мәселесі өте қиын. Пандемия кезінде бірнеше ай карантинде отырып, қайта жұмысқа шыққанымызда ең бірінші тап болған қиындығымыз шикізат болды. Өйткені шекаралар жабылып қалды, уақытымен жеткізілмеді. Жиһаздың бір шегесін алудың өз қиындық туғызды, сондықтан жиһаз бағасы алпыс пайызға қымбаттап кетті. Осындай қиындықтар кәсіпкерлерге өте үлкен қиындық туғызады" дейді кәсіпкер.
Ауыл шаруашылығы кәсібін дамытып, қожалық басқарып отырған Раущан Қансатарқызының да айтары бар. Оның мақсаты – елімізді сапалы, таза азық-түлікпен қамтамасыз ету. "Ең алғаш Сартайлақ атты қожалықты Қабанбай ауылында құрдық. Әу баста 46 бас жылқы болса, соны 700 басқа жеткіздік. Өзім экономист маман болғандықтан барынша халыққа пайдалы кәсіп жасауға, экономикалық жобалар ұсынуға тырысамыз. Мысалы, былтырдан бері Тайтөбе ауылындағы елу гектар жерге таңқурай егуді бастадық. Өйткені жаз мезгілінде біздің жергілікті халық көршілес Қырғызстанның үш ауданында өсірілетін таңқурайды тұтынады. Халық өзімізде өсірілген таза, табиғи өнімді тұтыну үшін еңбек етудеміз. Дастарханымызда өзіміздің өнім жайнап тұрғанға не жетсін?" дейді кәсіпкер.
Кәсіпкер болу оңай шаруа емес, жауапкершілігі мол. Оның салмағын кәсіпкер қыз-келіншектер жақсы түсінеді. Сондықтан да олар қайырымдылық жасап, сауапты іс атқаруға тырысады, қоғамға пайдалы кәделі дүниелер өндіреді, сапалы қызмет көрсетуді міндет санайды. Қажырлы еңбектің жемісі – нәтиже.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста