Ғалымдар Сібірдің мәңгі тоңында 46 мың жыл жатқан құртқа жан бітірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Зерттеуге қатысқан ғалымдардың айтуынша, бұрын белгісіз болып келген дөңгелек құрт Сібірдің мәңгі тоңында 40 метр тереңдікте криптобиоз деп аталатын күйде жатқандықтан, аман қалған.
Криптобиотикалық күйдегі организмдер сусыз да, оттегісіз аман қала алады әрі өте ыстыққа да, өте суыққа да, тұзды ортаға да төтеп бере алады. Олар "өмір мен өлім арасындағы" күйде болады.
Сурет: Alexei V. Tchesunov and Anastasia Shatilovich/Institute of Physicochemical and Biological Problems in Soil Science RAS
"Өмірді тоқтатып, содан кейін оны басынан бастауға болады. Бұл маңызды жаңалық", – дейді ғалымдар.
Дрезден мен Кельн ғалымдарының генетикалық талдауы бұл құрттар зерттеушілер Panagrolaimus kolymaenis деп атаған жаңа түрге жататынын көрсетті.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz