Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласында ілініп тұрған жыртық ту жұрттың ашуына тиді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Фото: vk.com
Тоғыз жолдың торабы саналатын Арыста қаланың ішіне кіретін алып көпірден өткен бойдағы аллеяда мемлекеттік ту орнатылған.
Алайда, мемлекеттік рəмізіміз жыртық күйінде желбіреп тұр. Бұл мəселемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысына хабарласып едік, тілдесу мүмкін болмады.
Қысқасы, тоз-тозы шыққан жалауды Арыс қаласының билігі əзірге байқайтын түрі жоқ. Егер байқаған болса, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізер еді.