«Кітапхананың түнгі әлемі» тамаша өтті

«Кітапхананың түнгі әлемі» деп аталған іс-шараға жиналған қала тұрғындарын кітапхана түнінде арнайы ұлттық нақышта безендірілген қазақы киіз үй, алтыбақан, балаларға арналған ойын алаңдары, кітап көрмелері қарсы алды. Кітапхана алаңында «Еураз-шоу» ән-би театрының бишілері «Кесе сылдыры» биі­мен шашу шашып, ыстық ықы­лас танытты. Мерекелік ша­раны Ә.Қашаубаев атындағы филар­мо­ниясы оркестрінің концерті жалғастырып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Жиналған қауым бір уақытта бірнеше шараның куәсі болды. Мерекелік шарада қаламыздағы Балалар мен жастар сара­йы­нан, Татар өнер мек­те­бінен, №8 бала­лар үйінен келген бүлдір­шіндер өз өнер­лерін ортаға салды. Жиналған бала­қай­лар батут, түрлі үлкенді-кішілі маши­на­лардан жасақ­талған ойын алаңдарында ойынға қарық болды. Балалар мен жастар сарайынан және «Батыр» спорт клубынан келген өнерлі бишілер мерекеге қаты­сушы бүлдіршіндерге шеберлік кластарын өткізіп, би өнеріне баулыды. Ғимарат ішіне кітапхананың 130 жылдығына орай Абай заманындағы экс­понаттармен жаб­дықталған «Да­риға-ай» жастар театрының Абай мен Михаэлистің ең алғашқы кітап­хана қабырғасындағы кездесу сәтін бейне­лейтін көрініс жалғастырды. Қойылым­ның автор­лары – Қ.Ж.Нұрқасым мен «Дариға-ай» жастар театрының жетекшісі А.Т. Бах­тин­ов. Бұдан соң ал­ғаш рет кітапхана қыз­мет­керлерінің орын­дауында, Ж.Ай­мауыт­ов­тың сөзіне жазылған М.Ду­латов­тың «Алаш гимні» орындалды. Кітап­хана жанындағы Қ.Мұхаметханов ескерткіші алаңында «Мәңгілік ел» жас ақындар шеруі өткізіліп, «Шын жүректен жомарттықпен» тақырыбында жергілікті ақын-жазушылар мен ғалымдар М.Сәрсеке, С.Тә­бәрік­ұлы, Т.Ибрагимов, А.Ахмет­жанов, Д.Омарбае­ва, М.Сұлтанбек­ов, Р.Мұқажанова т.б. шығармала­ры­нан жасақталған кітап көрмесінің жанында мере­кеге қатысушылар мәдени-шығарма­шылық қарым-қатынаста болды. Қала тұрғындары ұлттық дастарқаннан дәм татып, жас ақындар арасында айтыс өткіз­ді. Киіз үй алдында «Қазақы дастарқан», «Қа­зақтың ұлттық ойындары» кітап көр­мелері қойылып, қатысушылар үшін әде­биеттерге шолу жүр­гізілді. Сондай-ақ «Алтыбақан аясында» мере­келік ойын-сауық бағдарламасы аясында алты­ба­қан, асық, арқан тарту ойнатылып, ұлттық ойындар ту­ралы мол мағлұматтар берілді.
Кітапхана түніндегі барлық бағдарла­ма­ларға қала жұртшылығы белсене қаты­сып, кітапханада оқыр­мандар қатары жаңа оқырмандармен толық­ты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста