Бізге қазақтардың шетелде жүргенінен гөрі, елге оралғаны маңызды

Талғат Мамашев, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары:

– Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дық та­ри­хында «Нұрлы көш» бағ­дарламасы өз міндетін қай деңгейде атқара алды, қан­дай жетістіктерге жетті?
– Тәуелсіздік алғалы бері 1 млн қан­да­сы­мыз елге көшіп келді. Олар біздің са­ны­мызды көтерді, сапамызды арттырды, ті­лі­мізді байытты, мәдениетімізге, әде­бие­ті­мізге, экономикамызға өз үлесін қосты. Бұл біздің мемлекеттілігіміз үшін, әсіресе мем­лекет құраушы ұлттың мәртебесі үшін үлкен жеңіс болды деп есептеймін.
– Соңғы жылдары шетелден келіп жат­­қан қандастарымыздың легі сая­быр­сыды деп айтуға болатын шығар. Бұл немен байланысты?
– Саябырсығаны рас. 90-жыл­дар­дағы­дай жүз мыңдап келетін көш қазір бай­қал­май­ды. Президенттің квотасы бөлінгеннен кейін соңғы жылдары жылына 20 мыңдай адам келіп жүрді. «Нұрлы көш» бағ­дар­ла­ма­сының да маңызы осы жерде. Қан­дас­та­рымыздың елге қарай көші саябырси бас­таған шақта оны бәсеңсітіп алмай, бұл іске қайта жан бітіру үшін Президентіміз ар­найы бір бағдарлама жасауды жос­пар­ла­ды.
Елге оралып жатқан қандастарымыздың бар­лығы оңтүстік өңірлерге – Алматы, Та­раз, Талдықорған, Шымкент қала­ла­ры­ның маңына ғана қоныстанғысы келеді. Оң­түс­тік өңірлерде халық онсыз да тығыз ор­на­ласқан. Ал «Нұрлы көш» бағдарламасы ше­телдегі қандастарды елге шақырумен қатар, елдің ішіндегі этникалық шоғырлану сая­сатын дұрыс қалыптастыруды көздеді. Мә­селен, біздің Солтүстік Қазақстан, Ор­та­лық Қазақстан өңірлерінде адам саны үл­кен тығыздықта емес. Оның үстіне онда біз­дің үлкен егістік алқаптарымыз бар. Жа­сы­­ратыны жоқ, бұл өңірлердің кейбір об­лыс­т­арында қазақтың саны мүлде аз. Оны да мемлекеттік мүдде тұрғысында реттеу ке­рек. Осының барлығы ескеріле келіп, «Нұр­лы көш» бағдарламасы іске қосылды және оны арнайы қоныстандыру бағ­дар­ла­масы деп түсінген жөн. Сонымен, 2008, 2009, 2010 жылдар барысында «Нұрлы көш» бағ­дар­ламасының бірінші кезеңі аяқ­­талды.
– Жалғасы болатын шығар?
– Биыл өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Елбасы «мен Үкіметке тап­сырма беріп, «Нұрлы көш» ба­ғ­дар­ла­ма­сы­ның екінші кезеңін жасауды тапсырамын» де­генді айтқан еді. Сол бағдарлама қазір жа­салып жатыр. Аманшылық болса, ендігі жыл­дың бірінші тоқсанында Көші-қон ко­митеті сол бағдарламаның жобасын Үкі­мет­­ке тапсыруы керек. Бұл бағдарлама ал­дағы төрт-бес жылды қамтиды. Біз де өз та­­­рапымыздан сол бағдарламаның қа­бі­летті болуына, алғашқы кезеңде кеткен қа­­те­ліктердің қайталанбауына қол ұшы­мызды береміз.
– Қателік демекші, заң­на­ма­дан оралмандарға же­ңіл­дік беруді қарас­тыратын бап­тың алынып тасталғаны жө­нін­де көп айтылып жүр, бұл мә­селе қалай шешіліп жа­тыр?
– Бұл бап емес, жай ғана бір сөйлем ғана болатын. Үс­ті­міздегі жылдың тамыз айы­нан бастап көші-қон туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өз күшіне енді. Алайда сол заңда «аза­маттық алуда шетелден келген қазақ­тар­ға жеңілдік бе­рі­леді» деген тіркес түсіп қалған. Қалай түсіп қалғаны белгісіз, заң жобасы дайын­далғанда болған екен. Парламентке кірген із бар, шыққан із жоқ. Артынан тех­ни­ка­лық қателіктер екені ай­тылды. Пар­ламент сол қателікті қайта жөнге салып береді деп жүргенде тарқап кетті. Енді жаңа депу­тат­тар­ды күтуге тура келеді. Бірақ біз бұл мәселені назардан тыс қал­­дырмаймыз, бұл мәселенің мін­детті түрде қайта енгізілуін талап етеміз.
– Біз шетелдегі қазақтардың санын айтқанда көбіне ескі деректерге жү­гі­неміз, қаншама қазақ елге оралып жа­тыр. Жалпы, шетелдегі қазақтардың са­ны жөнінде жаңа бір деректер бар ма?
– Біз ендігі жылы «Қазақ диаспорасының статистикасы» деп аталатын бір ғылыми жұмыс бастағалы отырмыз. Сол жұмыстың аясында әлемдегі қазақтардың нақты са­нын анықтамақ ойымыз бар. Ал әзірге әлемнің 40-тан астам елінде 5 миллионнан астам қазақ бар екені белгілі. Бізде сол ел­дер­дің ресми статистикалық мәліметтері бар. Қазақтар жөніндегі мәліметтерді тек сол елдің ресми статистикасынан ғана емес, сондағы қазақ мәдени ор­та­лық­та­ры­нан да аламыз. Әлемнің 32 елінде қазақ мәдени орталықтары бар.
– Бұл қазақ мәдени орталықтарының жұмыстары қалай жүзеге асып жатыр, мәселен, Еуропадағы қазақтарды айт­сақ?
– Еуропаның он еліндегі қазақ мәдени ор­талықтары өз алдына бір федерация болып біріккен. Яғни бір орталықтан ұйым­дас­тырылады. Төрағасы – саясаттану ғы­лы­мының докторы, профессор Абдул­қайым Кесенжи. Мысалы, бізге осы Еуро­па­дағы қазақтар жөнінде қандай да бір мәлімет табу оңай. Себебі сондағы қазақ мәдени орталықтарының феде­ра­циясы өз­деріне қажетті мәліметтерді жинақтап қояды. Еуропадағы қазақтар жыл сайын дәс­түрлі түрде өздерінің кіші құрылтайын өткізіп тұрады. Өткізілетін орны сол он ел­дің арасында кезекпен алмасып отырады. Бұл жиында олар өздерінің ортақ проб­ле­ма­ларын, рухани-мәдени мәселелерін ше­шеді. Ендігі жылдан бастап Ресей, Моң­ғо­лия қазақтары да өз ішіндегі кіші құ­рыл­тайларын өткізбекші. Әрине, соның бәрі – сол жақтағы қазақ мәдени орта­лық­та­ры­ның ұйымдастыруымен болатын нәрсе.
– Мысалы, бір елдер бар Ресей, Қы­тай сияқты. Олардың саясаты ше­тел­де жүрген қандастарын жаппай елге қайтаруды көздемейді. Керісінше, ше­телдегі қандастары елдің эко­но­ми­ка­сы­на, саяси-мәдени саласына сыртта жүріп қолдау көрсеткені дұрысырақ деген ұстанымда. Бізде де осындай сая­сат болуы керек деген пікірмен келісесіз бе?
– Мұндай саясат бізге онша келің­кі­ре­мейді. Оның үстіне шетелдегі қазақ диас­по­расында елімізге экономикалық қолдау көрсете алатын деңгейдегі аса үлкен дәу­лет­ке қол жеткізген қазақтар көп емес. Мә­дени тұрғыдан алсақ та, олар қолдаудан гөрі, өздері жұтылып кетудің аз алдында тұр. Сондықтан бізге қазақтардың шетелде жүр­генінен гөрі, елге оралғаны маңызды.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста