«Ауылға әлі де көңіл бөліне түссе екен»

«Ауылға әлі де көңіл бөліне түссе екен»

Елдің өркендеуі  әрбір сала маманының адал кәсібіне, тіпті қарапайым техниктің де шеберлігіне тәуелді. Ақтөбелік Еркебұлан Ақтан өзін мемле­кеті­міздің гүлденуі алдында жауаптылардың қатарынан санайды.


Ол 1991 жылдың 16 желтоқсанында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Басшиелі ауылында туған. Отбасындағы үш баланың кенжесі. Ысқақ Мұхамбетжанов атындағы Басшиелі негізгі мектебін тәмам­даған соң, Ақтөбедегі политехникалық колледжде техник-электрик мамандығы бойынша оқып, кәсіби білім алды. Еркебұлан өзінің Қазақстанның Тәуелсіздік тарихымен құрдас екенін мақтан тұтады. «Еліміздің әлемнің 50 ең мықты дамыған мемлекеті қатарына қосылатыны қиял емес, ақиқат. Қазіргі қарқынды экономи­калық даму осыны көрсетіп отыр», – дейді ол. Жас жігіттің арманы – ауылды өркен­детуге күш салу.
Еркебұлан Ақтан, техник-электрик:
– Қазақстан мемлекетінің өркендеп, өсуіне қол ұшымды тигізсем деймін. Электрмен қамтамасыз ету саласына еңбегімді сіңіріп, туған ауылыма, өлкеме, мемлекетіме жақсы жағдай жасауға үлесімді қосқым келеді. Мақсатым – сол. Біз сияқты қарапайым мамандардың жауапты ісі арқасында соңғы жылдары ауыл да көркейіп жатыр. Билік өкілдері ауылға әлі де көңіл бөле түссе екен деймін. Барлық ауылда жаңа мектеп, жаңа мәдениет үйі болса екен. Өзімді Тәуелсіздікті баянды етуге жауаптылардың бірімін деп есептеймін, өйткені мен – егемендікпен құрдас жаспын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста