Ауқымды бағдарлама болмаса, зерттеу жұмыстары алға жылжымас еді

Ауқымды бағдарлама болмаса, зерттеу жұмыстары алға жылжымас еді

Тарихы тасқа қашалған қазақ жұртының әдебиеті де тым тереңге тамыр жайған.  Ежелгі дәуір әдебиеті (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің ұзақ тарихына қатысты ескерткіштер мен шығармалар аз зерттелген жоқ. Олардың алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VII ғ.), Қорқыт (VIII ғ.) және Оғыз-наманы (IX ғ.) атаймыз. Әдебиетіміздің арғы атасы саналатын ежелгі әдебиетті Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.). Баба дәстүрін балаға өнеге еткен ғұламаларымыз араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүниежүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінің дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) «Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «Жүсіп-Зылиха», «Гүлстан», «Домбауыл» т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді. Дегенмен де әдебиетіміздің осы саласының бүгінгі халі, жай-жапсары, күйі қандай, әлі де алынбаған асуы, бағынбаған белесі бар ма екен деп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Нұрлан САҒЫНДЫҚОВПЕН аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Қазіргі уақытта біз арғы-бергі тарихымызды қайта ақтарып, жо­ғалт­қанымызды жаңғыртуға күш салып жатырмыз. Дегенмен әлі күнге дейін өз зерттеушісін күтіп жатқан ежелгі дәуір әдебие­тіне жататын ескерткіштер бар ма?
– Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымында ежелгі дәуір және орта ғасыр  жазба ескерткіштерін зерттеу тарихы кеңес кезеңінен басталғаны белгілі. Оған дейін оларды зерттеу өзге халық өкілдеріне бұйырып келді. Әсіресе ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Орхон жазба ескерткіштері  табылып, жарыққа шыққаннан соң түркітану ғылымының іргесі қаланды. Бір қызық жері, дүниежүзі жұрттары бұл ескерткіштерді өздерінің төл жазуы, тұңғыш мұралары санап, оқылу құпиясын аша алмай, таласып-тартысып жатқан тұста олардың нағыз иелері, яғни мұрагерлері саналатын түркілер болса сол бұрынғысынша атакәсібін жалғастырып, көшіп-қонып жүре бергендігі – бір пара­докс құбылыс. Ал қандай ескерткіштер зерттелмеген деген мәселеге келер болсақ, нақты, белгілі бір ескерткіштеріміз әлі күнге дейін қолға алынбай жатыр деп атап көрсеткеннен гөрі қай тұрғыдан және не себептен зерттелмей келеді деген мәселеге көңіл бөлгеніміз дұрыс болар. Қай тұрғы­дан зерттелмей келеді дегенге тоқталсақ, ең біріншіден, бұлар мәтінтану тұрғысынан қаралмай келеді. Яғни санаулысы ғана болмаса, түгелдей дерлік аударылып бол­ған жоқ. Ең керегі – ғылыми аудар­малар. Ғылыми аударма барысында сөздіктер пайда болады. Ал қазір сөздік түгіл, түркі тіліндегі түрлі-түрлі нұсқалар жеке-жеке кітап ретінде жарыққа шықпай тұр. Сон­дықтан жақсы аудармалардың ауылы әзір алыста болса керек. Басқа тұрғыдағы зерт­теулерді айтпасақ та түсінікті. Енді себеп­терді сөз етсек, оның ең бастысы  тоқырау болса керек. Бұл – ғылымдағы тоқырау. Бұрынғыдай Ұлттық Ғылым акаде­миясы жоқ. Оның қарамағын­дағы зерттеу инс­титут­тары жеке-дара өмір сүру күйінде жүріп жатыр. Бұрынғы кадр­лар да тура осы жағдайда. Жаңа кадрлар жоқтың қасы.
– Қазір зерттеу жұмыстарына арналып ғылыми жобалар түрінде қаржы бөлініп жатыр емес пе? 
– Ғылыми жобалардың бөлініп жатқан­дығы рас. Алайда олар екі-үш жылда бір рет және көбінде белгілі бір тақырыптарға арналып берілетіндігін айтуымыз керек. Олай болса, ескерткіштер арнайы кешен ретінде бұларға қатыса алмай қалады. Қатысқан күнде де жеңіске қол жеткізе алмауы мүмкін. Себебі жобалар сайысқа түседі. Бұл ескерткіш-мұралары­мыздың өте бағалы екендігін түсінетін уақыт жетті деп білемін. Әлі де арнайы ғылыми жоба­лар бөлінуі қажет деп санаймын. 
–  Осы бағытта «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шапағаты бар ма?
– Әрине, мұндай ауқымды  мемлекеттік бағдарлама болмаса, зерттеу жұмыстары алға жылжымас еді. Осы бағдарламаның арқасында бұрын-сонды жарияланбаған, зерттелмеген қаншама тарихи, әдеби және өзге де түрлі мұраларымыз жарыққа шықты. Бұл – үлкен жетістік. Бірақ осы же­тіс­тіктерді екінің бірі қолға түсіріп, танысып-білуге мүмкіндік алды десек артық кеткен­дік болар еді. Себебі бұларды кез келген кітап дүкенінен және оқыр­манның қалтасы көтере алатын бағада кездестіре алмаймыз. Өкініштісі сол – оларды әзір тек кітапхана­лар мен кейбір мекемелерден ғана көре аламыз.  Әйтсе де бай мәдени мұрамыз алдағы уақытта жалпы халыққа қолжетімді болады деп сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста