Жетіген – Қорғас: тасымалдау ісіне тың серпін

Жетіген – Қорғас: тасымалдау ісіне тың серпін

Осыдан екі жыл бұрын Алматы облысына жасаған сапары кезінде Жетіген-Қорғас теміржол желісінің халықаралық қатынастағы маңызына тоқталған Елбасы Н. Назарбаев шойын жол құрылысына сәттілік тілеген болатын. Содан бергі уақытта атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аталмыш жобаның алғашқы кезеңі Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы қарсаңында іске қосылады деп жоспарланып отыр.
«Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қо­ры жауаптылық жүгін арқалап, «Қазақ­стан теміржолы» Ұлттық компаниясы жү­зе­ге асырып отырған маңызды жоба Қытай Халық Республикасымен, одан әрі басқа да шетмемлекеттермен транзиттік бай­ла­ныс­ымызды дамытып, алыс-беріс пен барыс-келісті жақсарта түседі.
Жетіген-Қорғас жобасының еліміз үшін, оның ішінде Алматы облысы үшін де ма­ңызы зор. Іле ауданының Жетіген стан­сы­сынан басталып, Панфилов өңіріндегі Қорғасқа жалғасатын шойын жол 293 ша­қы­рымға созылады. Индустриалды-ин­но­ва­циялық даму бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын жобаның жалпы құны – 153,2 млрд теңге болса, соның 143,6 млрд теңгесін бірінші кезекте игеру жос­пар­ланған. Ал үстіміздегі жылдың 1 қаза­нын­да игерілген қаржы көлемі 87,3 млрд теңге, яғни жалпы құнының 61 пайызын құрап отыр. Теміржол желісінің бойындағы құрылыс жұмыстарында бүгінде бес мың­дай адам тер төгіп жүр.
Ал шойын жол желісі іске қосылған кез­де теміржол әкімшілігі екі мыңнан астам адам­ды жұмыспен қамтамасыз етсе, бір ғана Алтынкөл бекетіндегі жұмысшылар саны 430-ға жететін болады.
Бүгінде құрылыс жұмыстары барысында сұранысқа ие мамандықтар анықталып, жергілікті тұрғындарды тиісті мамандыққа қайта оқыту, іргелі компанияларда тәжі­ри­бе­ден өткізу ісі қолға алынуда. Шойын жол­дың шарапатын әлден көре бастаған жергілікті халық оның іске қосылған кезде де өңірдің әл-ауқатын көтеруге ықпалы зор болатынына сенім білдіріп отыр.
Тәуелсіздіктің толайым табысы са­на­ла­тын жемісті жоба пайдалануға берілген кез­де елімізден Қытайға жүк жеткізуде 500 ша­қырым жол қысқарып, оған қоса та­сымалдау ісіне тың серпін бермек.
Болат жол басып өтетін Іле өзенінің үс­ті­нен салынған алып көпір заманауи та­лап­тарға сай тұрғызылған, пойыздардың са­ғатына 100 шақырымдық қозғалысы ке­зін­де 7 мың тоннадан астам жүкті көтеруге қауқарлы. Көпірдің ұзындығы мың метрге жуық, салмағы – 400 тонна.
Желі бойында барлығы 14 жеке пункт болса, соның бірі – ең шеткі «Алтынкөл» бекеті.
Теміржолда еңбек етушілерге қызмет көр­сетуге арнап салынып жатқан бұл бе­кетте құрылысының құны 16,7 млрд теңге болатын 113 нысан тұрғызу көзделген. Оның ішінде жолаушыларға қызмет көр­сету үшін жергілікті және транзиттік жо­лау­шы­ларға арналған теміржол вокзалдары, мә­дени-спорттық сауықтыру қызмет түр­лері бар қонақүй үлгісіндегі нысан, асхана, жүк тасымалдауға арналған, жүк тиейтін ке­шендер де қазір салынып жатыр. Келер жылдың соңына дейін стансы маңында жалпы саны 90-ға жуық басқа да маңызды құрылыс объекті нысандары салынып, жо­лау­шылар пойызы халыққа қызмет көр­сет­пек. Олардың қатарында балабақша, мек­теп, медициналық мекеме т.б. әлеуметтік ма­ңызы бар нысандар мен тұрғын жайлар да бар.

Пенжім ауылының іргесінде темір­жол­шылар мен кеденшілерге, шекарашыларға және әлеуметтік қызметшілерге арналып са­лынып жатқан жаңа Нұркент қала­шы­ғы­ның құрылысы жүруде. Үстіміздегі жылдың нау­рыз айында жаңа қалашық құ­ры­лы­сы­ның алғашқы қазығы қағылып, құры­лыс­шы­лар іске кіріскен болатын. Өткен сегіз ай ішінде екі пәтерлі 40 коттедждің, әрқай­сы­сы 18 пәтерлі көп қабатты 21 үйдің құ­ры­лы­сын аяқтап, қазір ең соңғы әрлеу жұ­мыс­тарын қолға алған. Сонымен қатар бұл қалашықта 600 орынды жаңа мектеп, 240 орынды балабақша, 70 орынды жатақхана, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты мен емхана, сауда орталығы, өрт сөндіру де­посы ғимараттары салынуда. Алдағы Тәуел­сіздік тойының қарсаңында 11 көп­қа­батты тұрғын үй мен 24 екі пәтерлі кот­тед­ждерге теміржол қызметшілері қо­ныс­танып, олардың әлеуметтік сұранысына қыз­мет ететін нысандар да пайдалануға берілмек.
Сыртқы сауда айналымының салмағын арт­тырып қана қоймай, еліміз үшін тран­зит­тік дәлізге айналып, халықтың тұрмысын жақ­сартуға үлес қосатын Жетіген-Қорғас теміржол желісінің жобасы толығымен 2012 жы­лы аяқталатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста