Тәуелсіздіктің бүгінгі тірегі де, ертеңгі тілегі де – тұрақтылық

Тәуелсіздіктің бүгінгі тірегі де, ертеңгі тілегі де – тұрақтылық

Тәуелсіздіктің 20 жылдығында жаңа мемлекеттің іргесі сапалы қаланды, экономика қарқындап, қауіпсіздік берік қолға өтті. Бұндай нәтиженің өзегі – елдің бірлігі мен ұлттардың ынтымағы. Айрандай ұйыған бірліктің арқасында ғана Қазақстан толайым табыспен 20 жылдық межені еңсеріп отыр. Ал ондай бірлікті өзіміз ғана емес, әлем елдері де мойындауда. Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Людмила Хочиевамен сұхбат барысында да осы мәселеге баса назар аударған едік.

– Людмила ханым, Тәуелсіздіктің 20 жылдығындағы басты жетістік ретінде қай мәселені атар едіңіз?
– Расында да, аз мерзім ішінде Қазақ­станның қол жеткізген жетістіктері толайым. 20 жыл ішінде жас мемлекет ғасырға бер­гі­сіз жұмыстарды атқарды. Оны бір саладан ғана емес, әрбір саладан көруге де болады. Мәселен, әлемдік өркениетті жұртпен ық­пал­дасуға негізделген сыртқы саяса­ты­мыз­ды алып қарайық. Тәуелсіздік жылдары Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­тың халықаралық қауымдастық алдына ұсын­ған бастамасын көптеген беделді ұйым­дар пайдаланды. Жаңа ғана Тәуел­сіз­дігін жариялаған мемлекет өзінің елдік өнегелігін арттырып, көптеген істерде бас­қа­ларға бас бола алатындығын дәлелдеп берді. Біздің беделді ұйым – ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық жасауымыз да соның жарқын айғағы. Қазіргі әлем біздің мемлекетімізді Ба­тыс пен Шығыс арасындағы буфер, яки ара­лық мемлекет ретінде қабылдай бас­та­ды. Ал олай болуға негіз қане? Бұндағы негіздің түп төркіні – тыныштықта, тұ­рақ­ты­­лықта. Бүгінгі таңда әлемнің әр түк­пі­ріндегі көптеген ел осындай тұрақтылық пен тыныштыққа аса зәру. Ендеше осы жыл­­­дардың ішіндегі біздің ең басты же­тістігіміз – тұрақтылық. Өйткені тұрақ­ты­лық болмаған жерде, тыныштық бұзыл­ған жерде экономикалық өрлеу де, елдік өсу де болмайды. Ондай ел әлемдік қауым­дас­тық алдында бастама көтермек түгіл, өзінің ішкі дүниесіндегі арпалыстан қолы бо­са­майды. Ал қазақстандық тұрақ­ты­лық­тың негізін қалаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы екені даусыз. Тұңғыш Президент жас мем­ле­кетті қалыптастырғанда осы мә­се­леге баса назар аударып, соның ар­қа­сында гүлденген елге айналдық. Қазақтың жақсы мақалы бар: «Елдің бағын ашпаса, ер мұ­ратқа жетер ме? Ерінің сағын сын­дыр­са, ел мұратқа жетер ме?» деген. Осы тұрғыдан ал­ғанда елдің бағына туған Ел­басы жұр­ты­мыз­дың нағыз Көшбас­шы­сына айналып отыр.
– Ел бірлігі мен ұлтаралық тату­лық­тың қазақстандық үлгісін жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сының алатын орнына тоқталып өт­се­ңіз? Ассамблеяның тәуелсіздікті тұ­ғыр­лы етуге қосқан үлесі нешік?
– Жоғарыда айтқанымыздай, Тәуел­сіз­діктің алғашқы күнінен-ақ Мемлекет бас­шы­сы ұлтаралық татулық, кон­фес­сия­ара­лық келісімге баса назар аударды. 1992 жылдары Халықтар ассамблеясы туралы мәселе көтеріліп, 1995 жылы бұл ұйым құ­рыл­ды. Соның арқасында көпұлтты Қазақ­стан­ның ұлтаралық сауатты саясаты бекіді. Жалпы, өз басым ұлттарды ұйытуда қазақ халқының өзіндік менталитетін татулықтың өзегі деп айта алар едім. Осындай ұлы халық­тың қарапайымдылық қасиеті, үлкен адамгершілік жүрегінің арқасында көп­теген ұлыстар Қазақстанды «Отаным» деп қабыл­дап отыр. Онда да қазаққа деген ықыластың ор­ны ерен. Қазақ халқының өзі де «Ын­ты­мақ­ты елдің — ырысы мол», «Ырыс түбі – ынтымақ» деген дана сөздің бе­кер айтыл­ма­ғанын біледі ғой. Осындай даналықтың арқасында біз бүгінде — тарихы біте қай­нас­қан, тағдыры ортақ тұтастай халыққа айнал­дық. Яғни, ортақ Отанымыз  Қазақ­стан­ның қарыштап да­муы елімізді мекен­де­ген барлық ұлттар мен ұлыстардың ын­ты­мақ-бірлігінің ар­қа­сы дер едім. Сон­дықтан да бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны ерекше. Ұйым­ның басты қызметі – ел тұрақтылығы. Жоғарыда айтылғандай тұрақтылық болса ғана даму болады. Ассамблеяның бүгінгі жұмысы да осы тұр­ғы­дан алғанда зор жауап­ты. Сонымен қатар Ассамблея Қазақ­стан халқының бір­лігі мен патриотизмін нығайту бағы­тын­да да көптеген іс-шаралар атқарып жатыр. Мәселен, Ассамблея тіл сая­сатын жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Бұған көптеген дәлелдерді де келтіре ала­мын. Ең бастысы, Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сы арқылы біздің еліміз бейбітшілік пен келісімнің диалогтық алаңы ретінде танылып келеді. Бүкіл жер-жаһанның қауым­­дастығы ал­дына этникаралық толе­рант­тықтың қазақ­стандық үлгісін паш еттік. Бұндай өнегелі тәжірибеге көптеген елдер назар аудара бастады. Осының өзі Қазақ­станның Тәуел­сіз­дігінің арқасында болған зор іл­ге­рі­леу­шілік деп білемін.
– Расында, мемлекеттік тіл – Қазақ­стан халықтарын біріктіретін фактор. Осы мәселеге қатысты пікіріңізді ке­ңі­рек жеткізе түссеңіз?
– Мен қазақша сөйлеймін, мемлекеттің пат­риоты ретінде оның тілін құрметтеймін. Өйткені бұл мемлекет – менің Отаным. Қазақ­станның тіл саясаты да әуелбастан сауатты қалыптасты деп ойлаймын. Бұрын­ғы Кеңес одағынан шыққан басқа мем­ле­кет­тердегі секілді бірден тілдік төңкеріске кіріскен емеспіз. Түсіністікпен қарадық. 20 жыл бойы тілдік қысастық көрмеген басқа ұлттардың өз тілін білулеріне жағдай жа­са­лып келді. Мемлекеттік тілді білемін деп та­лаптанушыға да қаржы бөліп келеді. Сондықтан да, қазақты сыйлаған басқа ұлт қазақтың тілін де сыйлауы керек, білуге тиіс деп ойлаймын. Ал ондай тіл үйрету мә­се­лесін еліміздің барлық бала­бақ­ша­ла­рынан бастаған дұрыс. Сонда ғана біз пат­риот ұрпақты тәрбиелей аламыз. Бұдан бөлек, балабақшада тек тілді ғана емес, қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі де сіңі­ріл­се жақсы болар еді. Өйткені жаһандану заманы кез келген мемлекеттен ұлттық өнегелілікті талап етеді.
– Тәуелсіздігімізді тағылымды ете түсу үшін қандай мәселеге баса назар аудару керек деп ойлайсыз?
– Қазақстан – жасампаз ел. Мемлекет Тәуел­сіздігінің алғашқы жылында-ақ өзінің бейбіт таңдауын жасап, ядролық қарудан бас тарту арқылы әлем үшін үлкен өнеге көрсетті. Біздің әлемдік үлкен сенімге ие бол­ғанымыз да сондықтан. Жалпы «тәуел­сіздік» ұғымы көп мәселені білдіреді. Бұнда мемлекеттің тілі де, оның территориясы да, экономикасы да, азаматтарының әлеуеті де, керек десеңіз, ұлттың жетілуі де үлкен рөл атқарады. Мәселен, біз көптүрлі ұлт­тар­мен қарым-қатынас жасаймыз, көп­ұлтты санаймыз өзімізді. Солай бола тұрса да, біз Тәуелсіздік мәселесінде жұмылған жұ­дырықтай бола алмасақ, онда тағылым да болмайды. Ендігі уақытта біздің еге­мен­ді­гіміз де, біздің Тәуелсіздігіміз де бізден тек осыны ғана талап етеді. Яғни, Тәуелсіз елдің бұған дейін қалыптасқан ауыз­бір­шілігі жоғалмауы шарт.
– Тәуелсіз елдің жастарына айтар тілегіңіз?
– Соңғы жылдары әлем картасында тәуелсіздік мәселесі тым күрделеніп кеткені айқын. Мәселен, бүкіл дүние елі қан­ша­лық­ты өркениеттеніп, адамзаттық сана жаң­ғырғанымен көптеген өңірде қан­тө­гістер толастар емес. Ондай қантөгістердің бір парасы тілдік тәуелсіздікке тікелей қа­тысты екені де жасырын емес. Бұл өз ал­дына ел болып, мемлекет ретінде жеке ша­ңырақ құрудың күн сайын қиындай тү­се­тінін көрсетсе керек. Бұл тұрғыдан ал­ған­да Қазақстан халқын нағыз бақытты елдің қа­тарына қосуға болады. Бізде мем­ле­кет­ті­ліктің барлық нышандары жүзеге асып қана қойған жоқ, іргетасымызды са­па­лы қаладық, әлемдік қауымдастық ара­сында өзіміздің ұлт ретіндегі брендімізді жасай алдық. Бұл – халықтың жетістігі. Осын­дай жетістікті келешек жастар да шыңына шы­ғара түссе деген тілегім бар. Тәуел­сіздіктің Туы мәңгілік желбірей бер­сін!
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста