Қарағандылық кәсіпкер америкадан тапсырыс алып отыр

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының кәсіпкерлері сонау Америкадан тапсырыс алып отыр. Индира Лекер ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген бірнеше шапанды мұхит асырған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Кәсібін енді ғана бастаған жас тігіншінің киіміне ел ішінде де сұраныс аз емес.

 

Индира Лекер әуелде түрлі тапсырыстарды үйінде тігіп жүрген. Кейін бұл кәсібін табыс көзіне айналдыруға бел байлайды. Арнайы курс та оқып, өзінің бизнес жобасын ұсынған. Сөйтіп аудан әкімінің 1 миллион теңге грантын жеңіп алған. Оған іс тігетін машина сатып алыпты. Кейін облыс әкімінің де қайтарымсыз қаржысына ие болып, шағын шеберхананы іске қосады. Қазір ол ұлттық киім, қыздың жасауы, көрпе-жастық секілді дүниелерді тігіп жүр. Көмекші болса кәсібін кеңейткісі келеді. Өнімін әлеуметтік желі арқылы саудалайды. Сұраныстың көптігі сол, тіпті сонау Америкадан тапсырыс түскен.

 

Индира Лекер, кәсіпкер:

 

– Ол кісілер әлі күнге дейін сол жақта киіп жүр. Бізге жаңағы, кері байланыс дейді ғой, соны жіберіп, міне біз қазақтың желеткасын Лос-Анджелесте киіп жүрміз деп өз ризашылықтарын білдіріп жатыр. Тапсырыс көп, бірақ тігінші жоқ Ақтоғайда. Негізі жұмысшы алу ойымызда бар. Айтып жатырмыз, білмей келсе де өзіміз үйретіп аламыз деп.

 

Ақтоғай ауданы әкімінің гранты соңғы 9 жыл бойы үздіксіз беріліп келеді. Осы аралықта 36 миллион теңге қайтарымсыз қаржы бөлініп, 86 жас кәсіпкер өз ісін ашқан. Қазір ауылда көлік жөндеу, көлік жуу, шағын кондитерлік цех, шаштараз секілді халыққа қызмет көрсету орындары жемісті жұмыс істеп тұр.

 

Шыңғыс Елеген, Ақтоғай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы:

 

– Былтырғы жылы мысалы жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге бөлініп, 11 жасты грантпен қамтыдық. Атап айтатын болсақ, ол кісілерге ұлттық нақыштағы қазақы киім тігу мақсатында және шағын жарнама агенттігін ашу мақсатында, сондай-ақ кірпіш өндірісін ашу мақсатында гранттар бөлінді. Биылғы 2023 жылға жоспар бойынша бюджеттен 10 милллион теңге бөліп, 15 жасқа грант беру мақсатында жұмыстар жасалуда.

 

Биылғы грантқа өтініштер наурыз айынан бастап қабылданады екен. Қазірдің өзінде бизнес жобасын құшықтап, құлшынып отырған ынталы жастар жетерлік, дейді ресурстық орталықтың мамандары.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста