Таңғы асты қай уақытта ішу керегін білесіз бе?

  • 24

Таңғы асты ішуге ең қолайлы уақыт – ұйқыдан оянғаннан кейінгі жарты сағаттан соң ішу. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Андрей Бобровский айтты.
Оның сөзінше, таңғы асты «осы кезде ішу керек» деген қатып қалған уақыт жоқ. Бастысы, күнделікті бір уақытта тамақтану керек. Өйткені таңғы ас  – адам бойындағы күш-қуат пен жұмыс істеу қабілетінің артып, көңіл күйдің қалыпты болуына әсер етеді екен. Сондықтан таңғы асты ішіп жүруге әдеттену керек. Әрине, душ қабылдаса да адам сергіп қалады. Бірақ таңғы ас ішпеген соң бойда шаршаңқылық болады.

«Таңғы асты күнделікті бір уақытта ішу – бүкіл ағзаға әсер етеді. Сондықтан адамның ас қорытуы да, жүйкенің жұмысы да  соған қарай бейімделеді. Сол үшін барынша құнарлы әрі дәруменге бай ас ішу керек. Ал таңғы асты мүлдем ішпей қою денсаулыққа зиян. Соның салдарынан ас қорыту жүйесінің жұмыс істеуі нашарлап, адам тола бастайды», – дейді диетолог.
Айтуынша, толық адамдардың 30-40 пайызы таңғы асты дұрыс ішпеуінен семірген екен. Сол үшін демалыс күндері ертерек тұрып, таңғы ас іше алмаса да, жұмыс күндері бір уақытта ішуді әдетке айналдырған жөн санайды дәрігер.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
  • 331
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 472
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста