Шымкенттік дәрігерлер 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт шықты

Бас ауруына шағымданған оқушыға «Асар» шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ота жасады. Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жалпы операция уақыты екі сағатқа созылған. Отадан кейін науқас бала екі тәулік реанимацияда жатып,  кейін жалпы палатаға шығарылған. Дәрігерлер бас миынан құрт табылған баланың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.

 

«Сәуір айында 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Баланың диагнозы МРТ арқылы анықталған. Науқастың басы ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды»,- деді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохиругі Самат Көкшікбаев.

 

Отадан кейін бір аптаға жуық ауруханада жатқан науқасты дәрігерлер үйіне шығарды. Қазір мектеп оқушысы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында. Ақ халаттылардың сөзінше, бас миындағы эхинококк құрты сирек кездесетін жағдай.  Көбіне мұндай құрт тәріздес киста – бауыр мен өкпеде кездеседі екен.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста