Қатерлі ісікке қарсы қымбат дәрілер пайдасыз болып шықты

Соңғы он жылдағы мақұлданып келген, үлкен қаржы құйылып, иновациялық жолмен жасалған қатерлі ісікке қарсы дәрілер пациенттердің денсаулығының оңалуына әсер етпейтін болып шықты. Бұл туралы British Medical Journal басылымына мақаласын жариялаған ағылшындық маман Питер Уайсқа (Peter Wise) мәлімдеп отыр, - деп жазады Lenta.ru.

Маманның айтуынша, сырқат адамдардың көпшілігі өмірді бірнеше апта немесе айға ғана ұзартатын дәрілерге миллиондап қаржы жұмсайды. 2015 жылы осындай дәрілердің сатылымынан әлем бойынша 110 миллиард доллар пайда түскен. Уайс химиотерапевтикалық дәрмектерді мақұлдау ережелерін қатаңдатып, олардың бағасын түсіру шараларын қолдануға шақырып отыр.

Оның айтуынша дәрмектерді сынақтан өткізу процедуралары қажетті деңгейде емес. Дәрінің нәтижелілігін анықтайтын критерийлер оны тез мақұлдауға жол ашады, алайда, ол арқылы дәрінің өмірді қаншалықты ұзарта алатынын нақты анықтауға болмайды екен. Уайстың пікірінше, бұл жағдай медициналық зерттеулердің этикалық қағидаттарына қайшы.

2016 жылдық қыркүйегінде The Guardian басылымы Лондон университетінің зерттеушілері адамның иммундық жүйесін асқазан асты безінің ауыр түрдегі қатерлі ісігімен күресіне мүмкіндік беретін IMM-101 дәрісін жасап шығарғанын жазған болатын.

kaz.tengrinews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста