Псориаз жайлы не білесіз?

Псориаз созылмалы қайталанбалы ауру. Этиологиясы толық анықталмаған, көбінесе жедел жұқпалы аурулардан кейін, стрестен кейін, ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы, зат алмасуының бұзылуы, холестерин алмасуының бұзылуынан дамуы мүмкін.
Клиникасы: псориаз жедел басталады, теріде тарының дәніндей немесе одан да кішірек түйіншектер шығады. Алғашқыда олар қызыл түсті болады да тез арада бетінде ақ қабыршақтар пайда болады. Бірте-бірте үлкейіп табақшаға айналады. Бір-бірімен қосылып, қатпарлы табақша түзеді. Табықшалар шетіне қарай өсіп, ортасы жұқара бастайды да шетінде қызыл жиек көрінеді. Түйіншектің ортасында пигментті дақ пайда болады, біраз уақыттан соң жоғалады. Түйіншектің бетін тырнау арқылы псориазға тән «псориаздық үштік» феноменін көруге болады. Түйіншектің бетін тырнағанда алдымен «стеаринді дақ» белгісі көрінеді. Қабыршақтың майдаланып көбеюуін гиперкератоз дейміз. Оны әрі қарай тырнағанда астында «терминальды үлдір» (пленка) белгісін көруге болады. Үлдірді алып тастасақ астында жеке-жеке қан тамырын көреміз. Оны «Қан шығы» дейміз. Ол қылтамырлардың жарылу нәтижесінде пайда болады.
Псориаздың дамуын 3 мерзімге бөлеміз.
1. Үдемелі. 2. Тұрақты. 3. Аяқталу мерзімі.
Ем дұрыс тағайындалу үшін осы мерзімдерді анықтаудың маңызы зор. Үдемелі (прогрессивті) мерзімде бөртпе өте көп және ұсақ. Күнде жаңа бөртпе шығып отырады, қабыну дәрісі болады. Сонымен бір мерзімде Кебнер реакциясы оң нәтижелі болады (терінің қысылған, басылған жерлерінде ұсақ бөртпелер пайда болады). Тағы бір ерекшілігі үлкейген табақшалардың шетінде қабыршақтар болмайды, жіңішке қызғылт белдеу қалады. Ауруды қышыну мазалайды.
Тұрақты кезеңде жаңадан бөртпе шықпайды. Кебнер реакциясы болмайды. Қабыну, қышыну азаяды.
Аяқталу мерзімде бөтпелер ортасынан бастап жұқара бастайды да, біртіндеп жоғалады, орнында пигменттік дақ қалады.
Шынтақта және тізеде псориаз табақшалары ұзақ уақыт сақталады (кезекше табақшалар). Бөртпе көбінесе аяқ-қолдың сыртқы жағында орналасады. Денеде, баста сиректеу кездессе, алақан мен табанда өте сирек кездеседі. Кейде қолтық астына да шығуы мүмкін.
Бұндай жағдайда стрептококтық баздануға ұқсайды. Өте жиі тырнақ зақымданады. Тырнақтың бетінде ұсақ, шұңқыршалар пайда болады (оймақ тәрізді). Ал кейбір кезде тырнақ қалыңдап, сарғыштанып, беті кедірлі-бұдырлы болып өзгереді. Егер псориаз әдеттегідей түрінде дамыса аурудың жалпы халі ауырламайды.
Псориаз созылмалы, қайталанбалы ауру. Көбінесе ол күзде, қыста (қыстық түрі) қайталанады да, бірнеше айға созылады, егер емдемесе, бір қалыпта бірнеше жылға дейін кетпей тұруы мүмкін. Қайталанудың арасы бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін.
Псориаздыц бірнеше түрлері бар.
Жалқықтық псориаз (эксудативті). Кейбір ауруларда псориаз үдемелі мерзімінде жалқықтық түрде кездеседі, табақшалардың бетіндегі қабыршақтарға ұйыма сұйықтық сіңіп, олар бір-біріне жабысып, қатпарлы сарғыштау қабықтарға айналады, оларды алып тастамаса асты ылғалданып тұрады және қанағыш келеді.
Артропатиялық псориаз. Кейбір жағдайда адамның буындары зақымдануы мүмкін. Әдетте аяқ-қолдың ұсақ буындарынан басталып, бара-бара үлкен буындарға ауысады. Басында буындар тек ауырады. Кейінірек олар ісінеді, жан-жағындағы ұлпалардын сіңбесіне байланысты қимылы қиындайды, келе-келе буын тіпті қозғалуға келмей қақайып калуы мүмкін. Рентгенмен қарағанда, басында сүйектерде көрініп тұрған өзгеріс болмайды. Кейінірек екі буынның арасындағы саңылау тартылып, остеопороз дами бастайды.
Екінші дәрежелі эритродермия. Бүкіл денені жауып кететін бұл түрі жедел басталады. Тері қызарып бөртпелер бір-біріне қосылып кетеді.
Эритеманың бетінде кішкентай жұқа қабыршақтар қаптап кетеді, тез түлеп
түседі. Шаш түсіп қалуы мүмкін. Тырнақтар қалыңдап, көпсіп, ұясынан шығып, түсіп қалады. Осы белгілердің бәрі дене ыстығының көотерілуімен қосалқыжүріп, отырады. Терінің бұл өзгерісі бірнеше апта, айға созылып, содан кейін жазылады, теріде тек псориаздың өзіндік белгісі ғана қалады. Эритродермияның дамуына көбінесе, псориаздың жедел мерзімінде өте күшті ем қолдану себеп болады (теріні тітіркендіретін күшті май жағу)[3, 42 б.].
Диагнозы. Бөртпелердің бетінде аппақ күмістей қабыршақтар басқа ауруларда да кездесуі мүмкін Мерездің екінші кезеңінде болатын түйіншектердің, экзематиттердің бетінде болуы мүмкін. Бірақ бөртпелер псориазға тән болса, онда псориаздың үш феноменің көруге болады: «стеаринді таңба», «терминалды үлдір» және «кан шығы», ал басқа ауруларда болатын түйіншектердің бетінде тек «стеаринді дак» белгісін кореміз.
Емі. Этиологиялық себептері белгісіз болғандықтан симптоматикалық ем қолданады. Аурудың үдемелі кезеңінде бөртпелердің бетіндегі
қабыршақтардың түлеп түсуіне көмектесетін майлар жағу қажет, мысалы 1-2% салицил қышқыл майын, 2% салицил қышқылымен сынап қосылған майды. Әр 2-3 күнде жылы суға түсіп тұрған жақсы, кальций хлор немесе Са глюконатының 10% ерітіндісін 10,0 егу тиімді В1В6 және В12 витаминдерін күн ара 1-1,5 айға дейін егу жақсы нәтиже береді. Осы кезде фолий және аскорбин қышқылын күніне 3 рет ішу керек А витаминін, никотин қышқылын. Сонымен бірге тыныштандыратын препараттар қолдану керек (бром, валериана, пустырник), гистаминге қарсы препараттар, аутогемотерапия. Ал жергілікті емге тұрақты кезеңде майларға нафталан, күкірт, қарамай қосқан жөн. Эритродермияны емдеуге кортикостероидтарды қолдану қажет, тәулігіне 15-20 мг.

Жаштаева Сәуле Төлепқызы

МКҚК «Жетісай медицина колледжі»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста