Оңтүстіктегі дерт: Тері лейшманиозы адамнан адамға жұқпайды

Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында тіркелген тері лейшманиозы дерті адамнан адамға жұқпайды. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Роза Жәукімова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Онымен бірге ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің инфекциялық және паразитарлық эпидемиялық қадағалау бөлімі басшысы Қарлығаш Төлендиева мен облыстық терівенерологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас дермотологы Жадыра Будесова да журналистердің сауалдарына жауап берді.

Брифинг спикерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда аталған мемлекеттік мекемелердің мамандары жергілікті әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, Отырар ауданында тиісті жұмыстарды жүргізуде. Облыстық терівенерологиялық диспансерінің мамандары аула аралап, тұрғындарға әдістемелік көмектерін көрсетуде.

«Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Отырар, Шардара аудандары мен Арыс қаласы –лейшманиоз ошағы. Аталған аурудың өршуіне инфекцияның негізгі резервуары және шығу көзі – үлкен-үлкен құмтышқандар қаптап кеткен. Қоздырғыштарды тасымалдаушы үндеместер кеміргіштердің қанын сорғаннан кейін 6-8 күн өткенде жұқтырғышқа айналады. Инфекцияланған үндемес шаққаннан кейін ауру адамға өтеді. Аурудың жасырын кезеңі 2 аптадан 4 айға дейін созылады, күз, қыс айларында ұзақ уақыт жазыла қоймайтын, орнында тыртық қалдыратын жаралар пайда болады. Лейшманиоз симптоматикалық, антисептикалық, антибактериялық және репорациялаушы сыртқа қолданылатын дәрілермен емделеді», – деді Р.Жәукімова.
2016 жылдың 22 желтоқсанына дейінгі жағдай бойынша облыста 124 науқас тіркелген. Науқастанғандар санының биылғы 11 айдағы көрсеткіші 53-тен 124-ге дейін эндемиялық үш аудан есебінен көбейген. Тіркеуге алынғандардың көбісі уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген жандар екен. Оларды арнайы топ ауылдар мен аулаларды аралау барысында анықтаған.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қазақстан тұрғындары емі жоқ жұқпалы ауруға шалдығып жатыр деген ақпарат тараған болатын.

Отырар ауданында халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің мәжілісі өткізіліп, лейшманиоздың алдын алу және емдеу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, дәрілеу үшін бюджеттен қаражат бөлу уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету, аула аралау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

Бастысы – тері лейшманиозы жазылатын дерт. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста