Франциядағы Тулуза университетінің ғалымдары маңдайда жастайынан әжімнің пайда болуы қауіпті дерттің белгісі болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ғалымдар 20 жыл бойы 3,2 мың дені сау адамның жағдайын бақылап, олардың маңдайындағы әжімдері мен кей ауру түрлерінің арасында байланыс барын анықтады.
Мамандар жас кезінен маңдайында көп әжімі бар адамдар жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығып, мезгілсіз қазаға душар болуы мүмкін екенін айтуда.
Зерттеу кезінде 233 адам түрлі себептермен қайтыс болғаны анықталған. Олардың 15,2 пайызында маңдайында кемінде екі әжімі болыпты.
Ғалымдар маңдайы әжімге толы адамдардың инсультке шалдығу мүмкіндігі он есеге арта түсетінін алға тартты.