Ғалымдар Жерде жойқын геомагниттік дауыл болатынын айтып, дабыл қағуда. Олар бұл күні көптеген адамның басы ауырып, әлсіздікті сезінуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы informat.com.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлердің сөзіне сенсек, магниттік дауыл кезінде адамдардың басы айналып немесе басы ауырып, әлсіздікті, күйзелісті сезінуі мүмкін.
Геомагниттік дауылдың ең жоғары деңгейі 1 және 2 маусымда тіркеледі деп күтілуде. G2 деңгейіне дейін көтерілетін дауыл үш күнге жалғасады.
Ғалымдар бұл күні адамдарға әдеттегіден көбірек ұйықтап, таңертең контрастты душ қабылдауға кеңес береді. Душқа түсу кезінде суық және жылы суды 10-15 секунд сайын ауыстырып ағызуға болады.