Бедеуліктің неден болатынын білесіз бе?

Диля Амангелдіқызы, сіз Қазақстанда алғашқылардың бірі болып дәстүрлі емес емдеу орталығын аш­қан жансыз. Талай әйелдің ана бақытын сезі­нуіне жол аш­қаныңызды біле­міз. Айтыңызшы:

1. Қыз-келіншектердегі бе­деулік себебі неде? Сіз оны қалай емдейсіз?

2. Денсаулық күтімі жө­нінде қандай кеңес бере­сіз?

– Жиырма жылғы тәжі­рибемде маған емделуге келе­тін 18-25 жас аралығындағы бедеулік диагнозы қойылған қыз-келіншектерде ауру көбіне жатыр түтікшесінің суықтауынан бастау алатынын байқаймын. Ол негізінен жиі желең жүру, салқын суға шомылудан басталады.

Ал 25-35 жас аралығындағы қыз-келін­шек­терде ол жыныстық қатынасқа кеш келгендігі мен соның салдарынан жатыр жұмысының баяу дамуымен байланысты болып келеді. Яғни ағзадағы гормондарының бұзылуынан болады. Қыз бала тұрмысқа уақытылы шықпаған жағдайда ағзада гормондық ауытқулар орын алады да, соның салдарынан жатырда миома пайда болады.

Мен мұндай науқастарды дәстүрлі емес ем тәсілдерімен емдеймін. Мысалы, жатырға вакуумдық массаж (қабақпен) жасаймын, тамыр ұстай отырып ағзасына қандай витамин жетіспейтінін анықтап, тиісті кеңестер беремін. Сүлік салу, емдік шөптермен бұлау жасау арқылы жатыр жұмысын жақсартамын.

Бедеулік – бұл ұзаққа созылатын ем. Дегенмен төзімділік танытып, тиянақты ем қабылдаған жағдайда оны толық емдеуге болады. Өз басым осылай талай нәрестенің өкіл анасы атанған бақытты жанмын. Қазақстанның әр облыс, әр қаласында менің «кішкентай шақалақтарым», мені туған бауыры санайтын бір-бір отбасы бар.

Мен мұның бәрін неге егжей-тегжейлі айтып отырмын? Қыз-келіншектерге өз денсаулықтарын күту, қазіргідей қыс ауасында жылы киіну, жалаңбас жүрмеу, табаннан суық өткізбеу керегін түсіндіргім келеді. Болашақ ана, бір шаңырақтың ұйытқысы болатын нәзік жандылар үшін бұл өте маңызды мәселе. Тағы бір айтарым, егер бедеулік диагнозы қойылса, еңсеңізді түсірмеңіз! Ниет етсеңіз бұл дертті де толық жеңіп шығуға болады.

Алда келе жатқан жаңа жылда әрбір шаңырақта табыс, бақыт, ырыс, ынтымақ болсын тілеймін. Дүниедегі ең үлкен бақыт – бала бақыты. Әрбір отбасыда сәбидің бақытты күлкісі естілсін!

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста