Артық салмақ - абырой емес... ауру

Ересектер арасында артық салмақ және семіздіктен зардап шеккендердің үлесі 55 пайыздан асады. Дәрігерлердің сөзінше, олардың дені артық салмақтан қант диабетіне, жүрек ауруларына шалдығып, бауыры мен бүйрегі сыр берген соң ғана емделуге келгендер. Ақ халаттылар семіздіктің ауру екендігін мойындамай, ұят санап, уақытын өткізіп жатқандардың көп екенін айтады.

– Артық салмақ және семіздік – тері астына майдың жиналуынан туындайтын ауру. Артық салмақ – семіздіктің алғашқы белгілері. Семіздікте – ағзада май шамадан артық жиналады. Зат алмасудың бұзылуынан пайда болады. Генетикалық ерекшеліктен, тамақтану тәртібі бұзылғанда, гормональді бұзылыстар, созылмалы вирусты инфекциялар, гиподинамия, күйзелістен артық салмақ жинай бастайды. Дегенмен, өңірімізде алиментарлы семіздікпен ауыратындардың қатары басым. Алиментарлы семіздік дегеніміз тамақты көп жеп, бірақ аз қимылдаудан пайда болады, - дейді облыстық эндокринологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі Базаркүл Қамысбаева.

Семіздікке шалдыққан науқас бір ғана ауруымен күреспейді. Денедегі артық майлар бүкіл ағзаның жұмысына кедергі жасайды. Мәселен, жүректі май басып, нәтижесінде инсульт, инфаркт алуы мүмкін. Бауырды «көмкерген» майдан өкпенің қызметіне нұқсан келеді. Тыныс алуы нашарлайды. Өт жолдарына тас түзіледі. Ең қауіптісі, семіздікке бой алдырған науқаста қант диабеті қатар жүреді.

Артық салмақ, семіздік – дене салмағының индексі (ДСИ) бойынша есептеледі. ДСИ = Дене салмағы (кг) / Бойының ұзындығы (м2). Мәселен, салмағы 79 келі, бойының ұзындығы 179 см болса, ДСИ формуласымен есептеп көрейік. Дене салмағының көрсеткішіне бойдың ұзындығының екі еселенген мәніне (квадратына) бөледі.

79кг/(1,79м*1,79м)=79кг/3,2=24,6 нәтижесі шығады. ДСИ=24,6. Бұл дене салмағының қалыпты екендігін білдіреді.

Дене салмағының қалыптан аз, қалыпты, не қалыптан артық екенін мына кестедегі мәндерден де білуге болады.

Қалыпты ДСИ – 18,5-24,9 аралығы.

kz.otyrar.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста