Жетімдер үйіндегі бала тәрбиесін тек қазақ тілінде жүргізудің қандай жолдарын ұсынасыз?


Маргарита ӨСКЕМБАЕВА, балалар психологі:
– Негізі, қазір еліміздегі жетім балалар үйінің барлығы орыс тілінде тәрбие беріп жатыр деп айтуға болмайды. Олардың кейбіреуі қазақ тілінде тәрбие беріп жатыр. Кеңес Одағы кезінде жетім балалар үйінде, ондағы тәрбиеленетін балалардың қай ұлттың өкілі екеніне қарамастан, жаппай орыс тілінде тәрбие беретін. Ал қазір жағдай біршама өзгерген. Біздің де балаларға арналған жо­ба­ларымыз бар, солардың аясында ба­ла­лар үйіне барып тұрамыз. Мәселен, сонда көзімнің жеткені – Ал­ма­ты қаласындағы №1 балалар үйінің балаларына қазақ тілінде тәрбие беріледі екен. Ондағы балалардың барлығы қазақ тілінде сөйлеп жүр. Сондықтан жетім балалар үйінің барлығы орыс тілінде тәрбие беріп жа­тыр дегенді жаңсақ пікір дер едім. Негізі, бұл жерде барлығы бала­лар үйінің тәрбиешілеріне байланысты секілді. Семейде, Павлодарда, Өске­менде балалар үйінің балалары орыс тілінде сөйлейді, ал мына оңтүстік жақ­тағы бала­лар үйінің балалары қазақ тілінде сөйлейді. Яғни тәр­биешілері қай тіл­де сөй­лесе, балалар да сол тілде сайрап жүр. Сон­дықтан біз, ең алдымен, бала­лар үйі­нің балаларына қазақ тілінде тәр­бие бергіміз келсе, оны олардың тәр­биешілерін қазақыландырудан бастауымыз керек.


Дәурен БАБАМҰРАТОВ, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшiсi:
– Жетім балалар үйіндегі балалар қай ұлттың өкілі екеніне қарамастан қазақ тілін жетік біліп шығуы керек. Қазақи тәрбиемен өсуі керек. Жетім балалар үйіндегі балалардың әке-шешесі – мемлекет. Ендеше, біздің еліміздегі балалардың барлығы қазақ тілінде білім алып, қазақи тәрбиемен өсуі керек. Негізі, жетім ба­ла­лар үйіндегі балаларды орыс тілінде оқыту – кеңестік кезең­нен қалып кеткен үрдіс. Ал Қазақстан Тәуелсіздік алып, егемен ел атан­ғалы жиырма жылдан асты. Біз осы уақыт ішінде шекара асып кеткен жетім балалар түгіл, өз елімізде балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың тағдырына бас ауыртпай келдік. Ендігі жерде олардың қазақ тілінде тәрбие алуына баса назар аударуымыз керек. Ол үшін арнайы заң қабылданып, жетім ба­ла­лар үйінің тәрбиешілерінің қазақтілді болуына баса назар ауда­руымыз керек. Сондай-ақ жетім балалар үйінің тәрбиесіне ар­нап арнайы бағдарламалар қабылдануы керек. Ол бағдар­ла­ма­да қазақи салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың барлығы енгізілуі керек.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты:
– Еліміздегі жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан ба­ла­ларға мүмкіндігінше қазақ тіліне басымдық бере отырып, ол­ар­дың әрқайсысына өзіне керектіні оқытқан дұрыс шығар. Өйткені бас салып барлығын бірдей қазақ тілінде оқытып жат­сақ, халықаралық қауымдастықтар шулап кетуі мүмкін. Рас, бір жағынан алып қарасаң, жетім балалар үйінің бала­ла­ры қазір есін білмейтін жаста. Қай тілде білім берсең, сол тіл­ді меңгеріп шығады. Соңғы кездері мен бас сұққан балалар үйінің балалары қазақ тілінде білім алып жатқанын байқадым. Сондықтан бұл жерде қазақ тіліне басымдық бере отырып оқытылуы қажет деп ойлаймын. Қазақстанда өмір сүріп жат­қан­нан кейін олар­дың болашағы мемлекеттік тілмен тікелей байланысты. Сон­дықтан жетім балалар үйіндегі балаларды қа­зақ тіліне басым­дық бере отырып, басқа тілді де ұмытпай оқытуды қолдаймын. Мұ­ны оларға білім беру кезінде ескеру керек секілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста