Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Меніңше, Салық кодексіне жаңа концепция енгізілсе, ғылым саласына қатысты біраз жайттарды қамту керек. Мәселен, бізде қазірде ғылым саласында жаңа өндірістік технологиялар мен жаңа өнімдер шығаратын құрал-жабдықтар шығарылып жатыр. Осы іспетті шараларды кем дегенде үш жылға дейін салықтан босатқан абзал. Егер біз болашақта ел экономикасын инновацияға бейімдейміз десек, бұл ұсынысты міндетті түрде жаңа концепцияға енгізуге тиіспіз. Негізінде, өндіріске бағытталған жаңалықтар ашатын ғалымдарға салық салуды белгілі бір уақытқа дейін шектей тұрсақ, онда бізге инновациялық жобаларды іске асыру әлдеқайда жеңіл әрі тиімді болар еді. Сондықтан өз басым стратегиялық маңызы бар жобалармен айналысып, мемлекетке орасан зор пайдасын тигізіп жатқан қайсыбір қауымды «салықпен қорқытып-үркітудің қажеті жоқ» деп ойлаймын...
Ғани ҚАЛИЕВ, «Ауыл» партиясының төрағасы:
– Өз басым Салық кодексінде отандық өнімді шетелге экспорттайтындарға қатысты жаңа концепция болуы керек деп есептеймін. Себебі қазірде еліміздің мұнайын, астығын, газын шетелге шикі күйінше экспорттап жатқандардың дені салық төлеуде ашық есеп көрсетпейді. Бұл жерде ашықтық жоқ. Халық салықтың төленіп немесе төленбей жатқанынан хабарсыз. Демек, осы мәселені жаңа концепцияда нақты-нақты етіп көрсету қажет. Жалпы, өнімді экспорттаудан нақты пайда түсуі үшін шетке жіберілетін өнімге деген салықты көбейткен абзал. Сонда экспортталатын өнімге бақылау да көбейеді, оған белгілі бір шектеу де қойылады. Өйткені қазірде қазақтың мұнайы, газы, астығы тым көп мөлшерде шетке ағылып жатыр. Бұл жайтқа қатысты нарықтың заңы өз алдына, салыққа да сауаттылық керек.
Азат ҚОНЫСБЕКОВ, кәсіпкер:
– Кәсіпкер ретінде айтатын болсам, кәсіпкерлерге салынатын қосымша құн салығы – 10 пайыз, корпоративтік табыс салығы 10 пайыз болса, біз осыған алғыс айтар едік. Өкінішке қарай, бізде кәсіпкерлерге арналған қосымша құн салығы – 12 пайыз, корпоративтік табыс салығы – 20 пайыз. Міне, нақ қазір салыққа қатысты осы мәселе шешілсе, шағын және орта бизнестің «көсегесі көгеретін еді». Сондай-ақ бизнесті жаңа бастағандарға өзіндік жеңілдіктер қарастырылса жөн болар еді. Бұған қоса бизнесте жүріп, капиталсыз қалып қоятындар да болады. Бұл топқа да салыққа қатысты өзіндік бір шаралар қарастырылса деп ойлаймын. Жалпы, шағын және орта бизнесті қолдау оң нәтиже беретіні даусыз. Сондықтан Салық кодексіне жаңа концепция ене қалса, бизнестің әлеуетін арттыру жағы барынша сүзгіден өтсе деймін...
Салық кодексінің жаңа концепциясы қандай мәселелерді қамтуы тиіс?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора