Қазақстанның сыртқы имиджін көтерудің қандай тиімді жолдарын ұсынасыз?


Шархан Қазығұл, публицист:
– Сыртқы имиджімізді көтеретін басты пара­метр­­лер, негі­зі­нен, саясатымыздан, экономи­камыздан, мәдениетімізден, ғы­лы­­мы­мыздан және спорттағы жетістігімізден ерекше көріне­ті­ніне еш­кім­нің таласы жоқ. Ядролық қарудан бас тартумыз біз­­дің әлем алдындағы абыройымызды асқақтат­қа­ны рас. Жә­не соңғы Олимпиададағы Қазақстан­ның ірі жеңісі. Ендігі жерде өнері­міз бен әдебиеті­мізді әлемдік деңгейге шығарудың жол­дарын қа­рас­тыру керек. Екінші үлкен мәселе – бізді басқа ха­лық­тардан ерекше көрсететін бір басым­ды­лық – біз күй мем­лекетіміз ғой,  күй арқылы адам­­­затты тамсандыр­сақ, тамаша жеңісіміз сол болар еді. Бірақ осы істе қазақ буржуазиясының өнерге деген жомарттығын оятпай, бұл шаруа жүзе­ге аспайды. Ешкім тарихта байлығымен қал­май­ды. Рокфел­лерді қазір ел ұмыта бастады. Тарих­та бай адам жомарттығымен ғана қалады. Третьяков сияқты.


Болат Мүрсәлім, «31-арнаның» ақпараттық бағдарламалар директоры:
– Саясаттануда «мемлекеттің мо­­­ральдық бейнесі» деген ұғым бар екен. Ол бейне – мемлекеттің сая­си жүйесінен бастап, азамат­тар­дың құқының қорғалуы, «көше де­мократиясының» сақталуы, ке­дей­шілік пен жемқорлық деңгейіне де­йінгі кең ауқымды қамтиды. Яғни әуелі өз ішіңді жөндеп алма­саң, 110 елге хабар таратам, ха­лық­ара­лық жиындар өткізем деу – бос әу­решілік. «Бөрі арығын біл­дір­мес, сырт­қа жүнін қампайтар» де­­ген қа­ғи­да Қазақстанның сырт­қы имид­жін көрсетуге жүрмейді. Сон­дықтан біз­ ең бірінші кезекте «м­ем­лекет­тің моральдық бей­несін» жақсы жа­ғынан қалыптас­ты­руымыз керек.


Дүкен Мәсімханұлы, ақын:
– Гуманитарлық салада ұлтымыздың дәстүр­лі өнері мен мәдениетін жандандырып, оны тым бол­ма­ғанда, әлемдегі жетекші елдердің хал­қына наси­хат­тауға күш салуымыз керек. Мә­селен, Батыс ел­дері­нің туристері біздің елге еш­қа­шан да балет биін тамашалап, опера тыңдау үшін келмейді. Есесіне, біз олар­ға халқымыздың дәс­түрлі өнерін көрсетейік, ұлттық спорт  ойын­да­рымызды тамашалатайық.  Біздің ата-баба­ла­рымыздың өз заманында күллі жер бетіне өр­кениет таратқанына көздерін жеткізейік. Ол үшін туризм саласын орнынан тұрғызу керек. Бір күлкілі жағдай, туризм десе, біздің шенеу­ніктер  «Көлсайды», «Бурабайды» көрсету деп түсінеді. Біз осындай  танымнан арылмайынша, туризмді еш­қа­шан дамыта алмаймыз. Міне, осы жағдайлардың бәрі айналып келіп елдің сыртқы имиджін көтеретін болады.


Ахмет Аляз, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы:
– Қазақстанның сыртқы имиджін көтеру саясат, экономика, мәдениет сынды үш ба­ғытта жүруі керек.
1.Қазақстан халықаралық маңызы бар жиын­дарды көптеп өткізіп келеді. Бұл, бірін­ші­ден, еліміздің саяси ұстанымын, ұйым­дас­тырушылық, көшбасшылық қабілетін таныт­са, екіншіден, әлемнің бірқатар елінің пре­зи­денттері мен премьер-министрлері өз аяқ­тарымен келіп, елімізді өз көздерімен кө­ріп жатыр. Және көптеген халықаралық ұйым­­дарға мүше болу арқылы біз әлемнің бір мүшесі екенімізді дәлелдедік.
2. Мысалға мәшине дегенде жа­пон­дар мен немістер еске түседі. Осы тұр­ғы­дан алғанда, өзіндік бренд қалып­та­су керек.
3. Ағылшынның гольфі, Италияның операсы бар. Сол сынды қазақты танытатын мәдениетте де бренд керек. Ол күйіңіз бе, ол көкпарыңыз ба – ол жағын ойласу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста