Өмiрбек БӘЙГЕЛДI, сенатор:
– Қазақстан – егемендi ел. Сондықтан кез келген тәуелсiз мемлекет сияқты өзiнiң кешегi тарихы мен бүгiнгi экономикасына қарай саясат жасап келедi. Иран халқы бiзбен бiрге сонау сақ, парсы заманынан берi қатар келе жатыр. Бiр теңiздiң екi жағасын мекендеген мемлекетпен бiз қалайша байланыспай отыра аламыз? Сонымен қатар ортақ мәселелер де баршылық. Батыс жұрты қырын қарайды екен деп Иранмен қарым-қатынас жасамау тарихқа қиянат болады. Бұл мемлекетаралық байланыс болғандықтан, алпауыт елдер де дұрыс түсiну керек. Иранмен бiрге әлемге зиян тигiзетiн әрекетке бармайтынымызды әлемдiк қауымдастықтың түсiнетiн кезi жеттi. Сыртқы сауданы дамытуға басымдық берiп отырып, iргелес жатқан Иранды пайдаланбағанымыз дұрыс емес. Иран президентiнiң бұл сапары екi ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа бiр белеске шығарды деп ойлаймын.
Зулфуһар ГАИПОВ, саясаттанушы:
– Қазақстан мен Иранның достық қатынас орнатуы – саяси шындық. Себебi тарихи тұрғыдан алып қарасақ, екi мемлекет бiрiнен-бiрi алыс емес. Ортақ құндылықтар көп. Екiншiден, Қазақстанның геостратегиялық мәселелердi реттеуiнде Иранның рөлi ерекше. Каспий қайраңы мен мұнайды игеруге байланысты мүдделерi тоғысқан елдер. Әрине, екi елдiң ынтымақтастығы қазақ жерiне инвестиция салып отырған АҚШ-қа ұнай қоюы екiталай. Алайда АҚШ президентi Барак Обама жақында Еуропа елдерiне жасаған сапары барысында атомды бейбiт мақсатқа пайдаланатын болса, Иранның әрекетiне қарсылығы жоқ екенiн жария еттi. Сонымен қатар ол Наурыз мейрамымен тұтас Иран халқын құттықтағаны белгiлi. Қазақстан мен Иран президенттерiнiң келiссөздерiнде алпауыт елдердiң шымбайына бататындай оғаш шешiмдер қабылданбады ғой. Бұл кездесуде Қазақстан Ираннның инфрақұрылымын дамыту үшiн инвестиция салатыны туралы, сауда-саттық саласы жайлы келiсiмдерге қол қойылғандықтан, саяси астар iздейтiндей басы артық келiссөздер жүргiзiлген жоқ.
Нұрлан СЕЙДIН, саясаттанушы:
– Қазақстанды тәуелсiз мемлекет ретiнде және оның жүргiзiп отырған саясатының көпвекторлы екенiн барлық елдер бiледi. Сондықтан Иранмен өзара қарым-қатынасын дамыту бағытында кездесулердiң өтуi – қалыпты жағдай. Қазақстан Иранмен екiжақты және iрi халықаралық ұйымдар арқылы байланысын дамытып келе жатыр. Мемлекеттердiң қарым-қатынасының астарында ұлттық мүдделер жатады. Егер бiз державалардың қас-қабағына қарап, жалтақтай беретiн болсақ, онда бiздiң ұлттық мүддемiздi кiм қорғайды? Сондықтан Қазақстанның бұл әрекетiн дербес мемлекеттiң дербес саясаты деп түсiнген жөн.
Қазақстанның Иран бағытына ынта бiлдiруi алпауыт елдердiң шымбайына батып кетпей ме?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора