Ділдар МАМЫРБАЕВА, прозашы:
– Қазақ тарихында, көркем әдебиетте қазақ әйелі, аналары туралы шығармалар өте көп. Алайда осындай образдарды фильм арқылы бола ма, әйтеуір қалай болса да ашып көрстеу жағы кемшін түсіп жатады. Мысалы, Құнанбайдың анасы, Абайдың әжесі Зеренің образы қандай ғажап. Өкінішке орай, кейбір жастарымыз викториналық сұрақтарда «Абайдың әжесі кім» деген сұрақ келіп қалса, жауап бере алмай жатады. Сондай-ақ Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпаны» тек қазақ әйелінің образы ғана емес, түгелдей бір ұлтты алға сүйрейтін, өркениетке жеткізуге тырысқан тамаша образ. Тізе беретін болсақ, көркем әдебиеттегі қазақ әйелінің орны ерекше. Меніңше, осы образдардың кез келгені фильмдерге арқау боларлықтай. Қазақ әйелін әлемге танытатын фильмдер түсіру болашақтың еншісінде деп ойлаймын.
Дидар АМАНТАЙ, жазушы:
– «Қазақфильм» киностудиясы құрығаннан бастап қазақ әйелдерінің образын сомдауға арналған фильмдер түсіріп келеді. Сонау алғашқы фильмдердің режиссерлері басқа ұлттың өкілдері болса, да сценарийін Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов секілді тұлғалар жазған. Қазақ кино тарихында алғаш қазақ режиссер түсірген фильм ол Шәкен Аймановтың «Махаббат дастаны». Осы фильмде Баянның бейнесі қазақ қызының образын көрсетеді. Одан кейін Сұлтан Қожықов «Қыз-Жібек» фильмін түсірді. Қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі Мәжит Бегалин Мәншүк Маметова жайлы фильм түсірді. Міне, осы фильмдердің бәрі қазақ әйелдерінің, аналардың образын ашып көрсететін құнды картиналар. Соңғы жылдары да қазақ фильмдері көптеп түсірілеуде. Солардың ішінде Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мыңбала» фильмінде Құралай арқылы қазақтың батыр қыздарының образы шынайы көрсетілген. Болашақта әлі де бұл мәңгілік тақырып қазақ киносынан шет қалмақ емес.
Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ, кинодраматург:
– Егер тарихты қазбалайтын болсақ, қазақ әйелінің образы Томиристен басталу керек. Ал Томирис секілді ержүрек қыз туралы фильмді түсіруге қыруар қаржы керек. Голливуд түсіретін мұндай тарихи фильмдерге жүз миллион доллар, тіпті одан да көп қаржы бөлінеді. Осы уақытқа дейін «Қазақфильм» қал-қадірі жеткенше Мәншүк, Әлия туралы, қазақ аналарының образын ашатын басқа да біршама фильмдер түсірді. Ал ешбір басқа елдер ана туралы арнайы фильм түсірген емес. Менің арманым – қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова туралы фильм түсіру. Алайда бәрі қаржыға келіп тіреледі. Әйтпесе қазір бізде мүмкіндік бар, жас, дарынды режиссерлер де бар.
Қазақ әйелінің образын әлемге танытатын фильмдер неге аз?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора