Отандық телеарналарды көшірме бағдарламалардан арылтудың қандай жолы бар?


Арман Сқабыл, «Хабар» агенттігі бас продюсерінің орынбасары:
– Бүгінгідей жаһанданған дәуірде, нарықтық бәсекенің қар­қын алған тұсында қандай телеарна болсын, ең алдымен, жо­ғары рей­тингтік көрсеткіш үшін жанын салып жұмыс істей­тіні белгілі. Себебі нарықтың қатал заңдылықтарына төтеп беру үшін және өз өнімдерін ұсыну арқылы көрермен санын кө­бейту жолында кез келген арна эфир саясатын өзіне қо­лайлы етіп жүргізуге мүдделі. Әрине, бұл жерде көрермен қалауы ескерусіз қалмайды. Әлбетте, көрермені көп арнаға жар­нама да молынан беріледі. Бұл дегеніңіз – орасан табыс көзі.
Заманауи технологиялар жылдам дамыған сайын теле­ви­зия да заман ағымына бейімделіп, көштен қалмауға тырысып бағуда. Ком­мерциялық арналарды айтпаған күннің өзінде мем­лекеттік тап­сы­рысты орындайтын отандық телеарналар да көрер­менін қызықтыру үшін амалсыз көшірме хабарлар жасауға мәжбүр. Өйткені отандық телеарналардың жаңа жоба­ларына мемлекет тарапынан соншалықты мол қаржы бөліне бермейді. Сондықтан да өзіміздің төл бағдар­ла­мамызды жасап, оның рейтингісін жақсарту үшін тың жобаларға деген мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту қажет.


Ғазиза Ұзақ, СТВ телеарнасы қазақ бөлімінің продюсері:
– Қазіргі кезде отандық телеарналарда авторлық жобалар тым азайып кетті. Есесіне өзгенің дайын форматтағы жеңіл-желпі, ойын-сауыққа құрылған бағдарламаларының көшірмелері көбейіп келеді. Бұл бағдарламалар шама-шарқынша қазақ көрерменіне ыңғайланып ұсынылуда. Бір жағынан, телеарналар жаңа жоба ашып, көрерменін қалып­тастыруға уақыт кетіргенше, рейтингі жоғары дайын бағдарламаны эфир кестесіне қойғанды қолайлы көреді. Алайда көшірме бағдар­ла­малардың дені қазақы менталитетімізге жат дүниелерді ашып көрсетуге негізделген. Біреудің жеке басының шаруасы, белгілі адамның не ішіп, не киетіні сияқты нәрселерді көптің талқысына салып жататын теле­ха­бар­лардың танымдық сипаты мол деп айта алмаймыз. Сондықтан да бүгінгі таңда әр отандық телеарналар көрерменге ой тастар, тәлімі мол, ақпараттық-танымдық авторлық бағдарламалар мен жеке жобаларды шығаруды мықтап қолға алса. Бүгінде отандық телевизия саласында жаңаша ойлайтын буын қалыптасып келеді. «Көш жүре түзеледі» деген­дей, келешекте де телеарналарда көшірме бағдарламалардың саны азайып, отандық бағдарламаларға сұраныс көбейеді деген ойдамын.


Айтмұхан Сқақов, «Еламан» продюсер орталығының жетекшісі:
– Шынында, соңғы кездері отандық телеарналарда көшірме бағдарламалар көбейіп кетті. Дегенмен бұл мәселе төңірегінде қанша сын айтылғанымен, бұл жобалар көрермен сұранысын қанағаттандырып отырғаны рас. Қалай десек те өзгенің пісіп-жетілген, миллиондаған аудитория жинаған бағдар­ла­м­а­ла­ры­ның қазақша нұсқасын жасаудан соншалықты қашқақтаудың керегі жоқ. Тек, шетелдік бағдарламаларды бас-аяғы тұтастай көшіріп алмай, өзіміздің дүниетаным мен өз талғам-түсінігімізге қарай икемдеуіміз қажет. Телевизия саласында белгілі бір жаңа жобаны ойлап тауып, оны іске қосу оңай шаруа емес. Бұл жерде қыруар қаржы мен кәсіби мамандар жағынан айтарлықтай проб­лемалар жетерлік. Әйтсе де өзгенің жетегінде кете бермес үшін біз өзіміздің отандық телеөнім индустриясын дамытуға күш салуымыз керек. Ол үшін әр телеарна тың бағдарламаларға, әсіресе ұлтымыздың интеллектуалдық деңгейін көтеретін заман­ға сай жобаларға жүйелі түрде байқау жариялап тұруы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста