Нотариалдық қызмет бағасын реттеу үшін мемлекеттік нотариалдық кеңселер ашқан дұрыс па, әлде мемлекеттік бірыңғай тариф енгізген жөн бе?

Рамазан Сарпеков, Мәжіліс депутаты:

– Мемлекеттік нотариалдық кеңселер ашу арқылы бұл тұстағы қордаланып қалған мәселелерді шешу мүмкін емес. Дегенмен мемлекеттік және жеке нотариус қызметтерінің қатар жүру керек екендігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бізде ғана емес, өркениетті елдердің көпшілігінде солай. Өткенде Парламентте тариф мәселесі бойынша заң жобасы қаралды. Сонда нотариустарға келген уақытта құжаттар рәсімдеу, әртүрлі келісімшарттар жасау кезінде қанша төлеу қажеттігі турасында әңгіме көтерілді. Яғни жұртшылық Салық кодексінде бекіткен бағамен төлеуі керек пе, әлде тараптардың өзінің келісімімен жүргізілуі қажет пе деген мәселелер зерттелді. Бұл ретте нотариус бағасын бір ретке келтіру үшін көп жұмыстар жүргізу қажет. Мысалы, Арқалық қаласындағы төрт бөлмелі жеке үйдің құны мен Астанадағы дәл сондай үйдің құны бірдей емес. Арқалықта үй арзан болса, Астанада қымбат. Демек, нотариустық қызметтің алатын алымы сол жылжымайтын мүліктің құнына байланысты болады. Бірақ баға айырмашылығы жер мен көктей. Енді Астана мен Алматыда жылжымайтын мүлік барлық уақытта жоғары сұранысқа ие, бағасы да қымбат, ал басқа аймақтарда баға төменгі қалыпта тұрады. Сондықтан осындай мәселелердің аражігін ажыратып алуымыз керек.

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы:

—Жеке нотариалдық кеңсе қызметкерлері қызмет бағасын өздері қойып алады. Оның үстіне, қағаз жүзінде бір баға жазады да, ауызша келгенде бөлек ақша алады. Демек, бір жүйе жоқ. Бізде осы қызметке байланысты белгілі бір тарифтің сомасы бар, бірақ ол жұмыс істемей тұр. Оны бақылап отырған ешкім жоқ. Сондықтан нарықтың уақытында мемлекеттік нотариалдық кеңселер ашуды қолға алуымыз — уақыт талабы. Бұл қарапайым халыққа тиімді. Оны мен қолдаймын. Мүмкіндігі бар жерде қаржылық жағдайымыз көтеріп отырған кезде мемлекеттік нотариус жүйелерін енгізгеніміз орынды.
Негізі, жеке нотариустік қызметтер белгілі бір тарифтің айналасында ақша алуға тиіс. Ондай тариф бізде бар. Одан кейін тағы тариф енгізу ыңғайсыз болар. Мүмкін, жеке нотариус қызметкерлерінің осы тарифті қаншалықты орындап отырғанын қатаң бақылауымыз керек шығар.

Берік Бекжанов, Мәжіліс депутаты:

— Мемлекеттік нотариалдық мекемелер ашу идеясы өте құптарлық іс. Себебі жекеменшік нотариалдық қызметтің жұмысы мен мемлекеттік нотариалдық қызметтің арасында бәсеке болады. Демек, азамат қай нотариалдық кеңсенің қызметіне жүгінемін десе де өзі біледі. Таңдау болады. Сонымен қатар нотариалдық қызметтің ақысын бірдей етуіміз керек. Яғни бірыңғай тариф енгізгеніміз жөн. Мәселен, бір дипломды не болмаса еңбек кітапшасын куәландыру керек болса, оның ақысы бірдей болуы керек. Кейбіреулер Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы үй бағасы сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан нотариалдық қызмет те бағаға байланысты әртүрлі болады дейтін шығар. Бірақ бұл жерде әңгіме үйдің бағасына қатысты емес, көрсетілген нотариалдық қызмет ақысының көлемі жөнінде болып отыр ғой. Оның бағасын неге әр аймақта әртүрлі қылуымыз керек? Олай болмайды. Сондықтан келісімшартты рәсімдеудің бағасына бірыңғай тариф енгізгенді жөн деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста